Қазақстанның 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны қаупі барын хабарлады.
Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа мемлекеттік органдар тасқынға қарсы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қауіп төнетін өңірлер: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
1 наурыздан бастап тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Жергілікті атқарушы органдар ескерту шараларын қабылдап, инженерлік жұмыстар жүргізілді. Қазіргі кезде елді-мекендерге қауіп жоқ, жағдай бақылауда.
Вице-министр атап өткендей, бұл өңірлерде су тасқынына дайындық мәселесі емес, мәселе қардың түсуі мен топырақтың қатуымен байланысты. Бұл бойынша Қазгидромет және Су және ирригация министрлігінің құрылымдық бөлімдері талдау жүргізіп жатыр.