Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:06

Қазақстанның 6 компаниясы Ұлыбритания санкциясына ілінді

Санкция
Фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания 2023 жылдың мамырынан бері Ресейге қарсы 56 жаңа санкция жариялады. Оның құрамында қазақстандық компаниялар да бар.

Санкциялар Ресейдің әскери өнеркәсібі үшін маңызды техника мен тауарларды жеткізуді тоқтатуға бағытталған. Бұл шаралар Қытайда, Түркияда және Орталық Азияда орналасқан станоктар, микроэлектроника және дрон сияқты тауарларды жеткізу және өндірумен айналысатын кәсіпорындарға бағытталған.

Британия үкіметі компанияларға нақты не себепті шектеу қойғанын жалпылама түсіндіріп кеткен. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми бұл шаралар Ресей құруға көп күш салған заңсыз халықаралық желілерді бұзатынын айтты.

«Санкциялар Ресей әскери күштеріне тауар жеткізетін компанияларға салынып, Путин бастаған соғысты жүргізуге шектейді. Қытайда, Түркияда және Орталық Азияда орналасқан компаниялар соғысқа қажет машиналар, микроэлектроника және дрон компоненттерін жеткізумен немесе өндірумен айналысады», – делінген хабарламада

Санкция тізіміне енген қазақстандық компаниялар:

1. Kazstanex;

2. Zapchasttrade;

3. CPS Energy;

4. Stanex Group;

5. Rabadaziya;

6. Stanex Group.

Аталған компаниялар  Алматы, Астана және Өскемен қалаларында тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық компания АҚШ-тың жаңа санкциялар тізіміне енгізілген болатын.

Тегтер: