Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:34, 10 Сәуір 2024

Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы сөйлеген тұрғын бес жылға сотталды

м
Фото: из открытых источников

Саран қаласының тұрғыны сепаратизм мен ұлтаралық араздық тудырғаны үшін бес жылға сотталды. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" Telegram арнасы хабарлады.

Арна ақпаратынша, ер адам «Рулетка» деп аталатын чатта Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы сөйлеп, жекелеген ұлт өкілдеріне қатысты теріс пікірлер айтқан. Оның жазбасы желіге тарап, халықтың наразылығын тудырды.

Артынша, полицейлер Саран қаласының тұрғынын тауып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174 және 180-баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Фото: Pixabay

Тегтер: