Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:12, 11 Қазан 2024

Қазақстанның бастамасымен ҰҚШҰ әскерлері Тәжікстанға жіберіледі

в
Фото: asker.kz

Қазақстанның бастамасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) әскерлері Тәжікстанға жіберіледі.

«11-14 қазан аралығында Орталық Азия аймағының Бірлескен жылдам әрекет ету күштерімен «Рубеж-2024» бірлескен жаттығуына қатысатын құрылымдар Тәжікстанға қайта топтасу жүргізеді», - делінген хабарламада.

Хабарламада көрсетілгендей, ҰҚШҰ әскерлерінің контингенттері Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден жаттығу өтетін ауданға жоспарға сәйкес жіберілуде.

«Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық етуі аясында әскери ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі әскерлердің жедел орналастыруын қамтамасыз ету, соның ішінде контингенттердің кедергісіз транзитін жетілдіру болып табылады» делінген ақпаратта.

 

Тегтер: