Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:28

Қазақстанның батысында құлаған дрондардың кімге тиесілі екенін комиссия анықтап жатыр

Дрон
Дрон. Фото: Саясат

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков елдің батысында дрондардың құлауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, дрондардың қай елге тиесілі екенін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына құзырлы органдар мен Қарулы күштердің мамандары енгізілген.

— Қазір олардың қай мемлекетке тиесілі екенін анықтау қажет. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына біздің Қарулы күштердің сарапшылары да кірді. Қазір комиссия тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр, - деді Мұстабеков.

Қазақстанның әуе қорғаныс күштері неге дрондарды атып түсірмеді деген сұраққа ол тексеру аяқталмай тұрып қорытынды жасау ерте екенін айтты.

— Олар біздің қандай да бір инфрақұрылымға құлады ма? Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін нақты жауап беріледі, - деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылдың наурыз айының соңында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Атырау облысында тағы бір дронның құлағаны туралы ақпарат тараған. Бұған дейін де Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз аппарат құлаған құлаған.