Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:09, 23 Қазан 2024

Қазақстанның бидай экспорты былтырғы көрсеткіштен 39,2%-ға төмендеген

в
Фото: ҚР Үкіметі

Үкімет отырысында Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев баяндады.

Қайрат Төребаев келтірген мәліметке сүйенсек, Қазақстанның қаңтар-тамыз айларындағы бидай экспорты 3,13 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,2%-ға төмендеген.

«Бұл төмендеудің себебі өткен жылғы өнімнің аздығы және дәстүрлі экспорттық нарықтарда бәсекелестіктің күшеюі. Сондай-ақ біз бидай экспорттық нарықтарының географиясының тарылуын байқап отырмыз. Негізгі экспорттық нарықтар – Италия, Түрікменстан және Ауғанстан, Ресей Қазақстанның бидайын тұтынуды бірнеше есеге азайтты. Бұл экспорттық бағалардың демпингімен байланысты, ол қазақстандық бидайдың Орталық Азиядағы негізгі экспорттық нарықтарда ауыстырылуына себеп болды», — деді спикер.

Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізеді деп күтілуде.

Ал, Қытайға жалпы астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тонна құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе өскен. Оның ішінде бидайдың үлесі 538,8 мың тонна, яғни, өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық.