Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:58, 26 Қыркүйек 2024

Қазақстанның демографиялық саясаты. Кейінгі жылдардағы туу көрсеткіші қандай?

ана мен бала
Фото: из открытых источников

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, өткен жылы Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың – 2022 ж.) дүние есігін ашқан. Бала туу көрсеткіші жөнінен былтыр соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш тіркелген екен.  

Атап айтсақ, 2019 жылы 402 мыңнан аса сәби дүниеге келсе, пандемия басталған жылы 426 мың бала өмірге келген. Былтыр халық саны 20 миллионға жетті деп атой салған қуанған халыққа сала мамандары демографиялық дағдарыс болуы мүмкін екенін де жиі ескертіп жүр. Бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, күллі әлемде демографиялық дағдарыс орын алып жатқаны жиі сөз қозғалып жүр. Бұл жағдай, әсіресе Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Канадада, Оңтүстік Кореяда және Қытайда анық байқалуда. Бүгінде туу коэффициенті бойынша Африка елдері көш бастап тұр. Дүниежүзілік банк деректеріне сәйкес, Нигер, Сомали және Конго Демократиялық Республикасында әйелдер өмір бойы орташа есеппен 6-7 бала туады. Салыстырмалы түрде алсақ, Италия мен Испанияда бұл көрсеткіш тек бір балаға тең екен. Демографиялық көрсеткішті көтеру мақсатында мемлекеттер жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге көңіл бөліп, мемлекет тарапынан көлемді қаржы құйып жатыр, тіпті, кеф елдерде жасанды түсік жасауға тыйым салынған екен. Соңғы жағдайлардың бірі АҚШ-тың Флорида штатында әйелдер осы сипаттағы заңдар мен шараларға қарсы шығып, бұл қағидалар олардың еркіндігін шектейтінін айтады. Бүгінгі күні адамзаттың үштен екісі туу көрсеткіші шекті деңгейден төмен аймақтарда өмір сүреді, яғни бір әйелге екі баладан аз келеді. Сарапшылар туу көрсеткішінің төмендеу себебін экономикалық тұрақсыздықпен байланыстырып отыр. Біз осы тақырып аясында демограф Аяулым Сағынбаеваның айтуынша, туу көрсеткіші бүгінде елде де әлдеқайда төмендеп кеткен.

«Өткен жылы біз Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жеткенін атап өттік. Бұл халық санының өсу тенденциясы қазір жалғасып отырған жоқ. Егер сіз халық санының динамикасын және, мысалы, туу көрсеткіштерінің динамикасын қарасаңыз, біз 20 миллиондық межеге тек туу деңгейі арқылы жеттік. Бүгінгі таңда туу деңгейі шамамен 2018 жылғы деңгейге қайтып келді. Яғни, пандемия жылдарында, бізде туу көрсеткіші жоғары болғанын атап өткеніміз жөн, сәйкесінше 2020-2021 жылдары 800 мыңнан астам бала дүниеге келді. Қазірдің өзінде бір орташа репродуктивті жастағы әйелге шаққандағы жалпы туу коэффициенті үш балаға дейін төмендеп кетті. Бүгінгі күні Қазақстанда орта есеппен әйелдер үш бала дүниеге әкеледі. Ал алғашқы балалардың туу динамикасына келсек, 2018 жылмен салыстырғанда едәуір төмендеу байқалады. Туу көрсеткіштерінде әрқашан негізгі рөлді алғашқы баланың дүниеге келгуі атқарады. 2020-2021 жылдары «бэби-бум» орын алып, кейінгі жылдары туу саны артты, жалпы туу коэффициенті бүгінгі күні 2,1-ден жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл көрсеткіштер алғашқы емес, яғни пандемия жылдары және одан кейінгі жылдары дүниеге келген екінші, үшінші, төртінші және бесінші балалардың арқасында мүмкін болды. Қазіргі уақытта алғашқы туу үлесі 23%-ды құрайды, екінші баланың туу үлесі де шамамен сондай. Халық санының әрі қарай өсуі туралы біз тек бірінші және екінші туулар ғана емес, сондай-ақ үшінші және одан кейінгі балалардың санының артуы жағдайында ғана айта аламыз. Бірінші баланы дүниеге әкелудің саны, мысалы, екінші мәрте бала тууға қарағанда аз болып отырғаны да заңды құбылыс. Қазіргі уақытта алғашқы балаларын дүниеге әкеліп жатқан ұрпақ – 90-жылдардың соңындағы ұрпақ. Ал 1997, 1998, 1999 жылдары дүниеге келген ұрпақ – халық саны бойынша ең аз ұрпақтың бірі. 1999 жылы жалпы туу коэффициенті 1,8 болды, яғни тіпті әдеттегі ұрпақты алмастыру деңгейінен төмен болды. Біз бұл жоғары туу коэффициентін 80-жылдардың көпбалалы ұрпағының арқасында алдық, олар саны жағынан да көп, туу көрсеткіші бойынша да басқаша. 80-жылдар ұрпағы қазір қала халқы саналады, бірақ негізінен олар ауылдық жерлерден қоныс аударған мигранттар. Яғни, қалаларға немесе қалалық елді мекендерге қоныс аударған бірінші буын мигранттары, кейін олар ауылдық жерлердің көпбалалы болуға бағытталған өнімділігін жүзеге асырады. Ал 90-жылдардың ұрпағы – көбіне бала кездерінде қалаларға көшіп келген немесе қалаларда дүниеге келген қазақстандықтардың ұрпағы. Көбінесе бұл 70-жылдары дүниеге келген ұрпақтың балалары. Сондықтан 90-жылдар ұрпағы халық ең көп урбанизацияланған кезең. Ал урбанизацияланған халықтың, яғни қалалық халықтың туу деңгейі әрдайым ауылдық жерлерге қарағанда төмен болуы заңды. Бұл, ең алдымен, қалалық жерлерде әйелдердің еңбек нарығына көбірек қатысуымен байланысты, сондай-ақ білім алу және тұрғын үй мәселелері де маңызды рөл ойнайды», - дейді.

Демографтың айтуынша, туу көрсеткішінің төмендеуіне бедеулікке шалдыққа адамдардың да көбеюі әсер етіп жатыр.

«Халық санағының нәтижелері көрсеткендей, қазіргі уақытта, әсіресе 30-35 жасқа дейінгі жас қазақ әйелдері аз балалы болуға бейім. Яғни бір немесе екі балаға. Бұл олардың қалаған бала саны. Әрине, қалаған балалар саны соңғы бала саны болып табылмайды. Яғни, біреу көбірек жоспарлап, аз туған болуы мүмкін, ал басқасы керісінше аз жоспарлап, көбірек туған болуы мүмкін. Ешкімге құпия емес, жылдан-жылға бедеулікке шалдыққан адамдардың, ерлер мен әйелдердің саны артып келеді. Бұл да елдің демографиялық дамуын бағалау мәселелерінде ескерілуі керек. Қазақстандағы туу көрсеткіші қолайлы жағдайларға байланысты емес, соған қарамастан өсуде, өйткені Қазақстанда өмір сүру деңгейі жылдан-жылға көтеріліп жатқан жоқ. Статистика мен әлеуметтік сауалнамалар көрсеткендей, халықтың жағдайы нашарлап жатыр», - дейді маман.