12:45, 05 Қаңтар 2026
Қазақстанның екі облысы шекарасында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанның Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Орталықтың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 5 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:15-те (Гринвич уақытымен 05:15) Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпуінің магнитудасы – 3,7, энергетикалық класы – 8,8.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 4 желтоқсанда Алматы қаласында 3 баллдық жер сілкінісі сезілген болатын. Ол жолғы дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Сол кезде жерасты дүмпулері Алматы, Жамбыл облыстарында және Жетісу өңірінде де сезілген.