Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:17

Қазақстанның екі облысында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды.

жол
Фото: из открытых источников

Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды.

5 ақпан күні сағат 10:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Шектеу Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы автожолдың 16–347 шақырым аралығында қолданылады.

Сондай-ақ Ұлытау облысында да жол қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сағат 10:30-дан бастап барлық көлік түрлері үшін Жезқазған – Арқалық – Петропавл республикалық маңызы бар автожолының 24–137 шақырым аралығында қозғалыс шектелді.

Жол қызметтері жүргізушілерді алыс сапардан бас тартуға немесе ауа райы жақсарғанша жолға шықпауға шақырады. Қозғалысқа қойылған шектеулер ауа райы жағдайына қарай алынады.

Тегтер: