Бүгін, 14:20
Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінді
5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркеліп, Жетісу облысының бірқатар аудандарында 2-3 балл шамасында сезілді.
2026 жылғы 5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:42-де Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сейсмологиялық зерттеу институты сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта орналасқан. Сілкініс Жетісу облысының бірқатар аудандарында 2-3 балл шамасында сезілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.