Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:06, 12 Қазан 2023

«Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтаратын заң мақұлданды

одақ
Фото: из открытых источников

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы — әдеби шығармашылық саласының ең жоғары сыйлығы болады 

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайтадан берілетін болды.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында «Халық жазушысы» атағын қайтару туралы тапсырма берген болатын. Сенаторлар бүгін тапсырма аясында заң жобасын мақұлдады.

Еске салсақ, «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның халық ақыны» атақтарын беру 1999 жылдан бастап тоқтатылып, олардың орнына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы тағайындалған болатын.

 

Тегтер: