Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:14, 28 Наурыз 2025

Қазақстанның оңтүстігінде 5 баллдық жер сілкінісі болды

жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

28 наурызда Астана уақытымен 03:42-де Қазақстанның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы оңтүстік астанадан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.

«Шу, Төле би, Сарыкемер, Қордай, Аса, Мойынқұм ауылдарында, сондай-ақ Таразда екі баллды, Меркіде - 5 баллды, Құлан кентінде - төрт баллды құрады», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. 

Мамандар гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар аумақтарды тексеріп үлгерді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына да визуалды тексеру жүргізілді. Ешқандай зақым болған жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

12 наурызда жерасты дүмпулерін Келес ауданындағы Абай ауылы мен Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш қаласының тұрғындары сезді, онда болжамды күші үш баллды құрады.