09:46, 11 Қазан 2024
Қазақстанның сыртқы қарызы 167 миллиард долларға жуықтады
Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында $166,7 млрд-қа дейін өсті, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылдың басымен салыстырғанда 1 шілдеге қарай $3 млрд-қа өсіп, $166,7 млрд-қа жетті, делінген Ұлттық банк есебінде.
Құжатқа сәйкес, сыртқы қарыздың құрылымында 87,5%-ы бір жылдан асатын ұзақ мерзімді сыртқы қарызға тиесілі. Қарыздың 73,9%-ын резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар, ал 8%-ын резидент еместердің қолындағы қарыздық бағалы қағаздар құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның сыртқы қарызы 2023 жылдың III тоқсанының соңында $161,9 млрд болған еді.