Қазақстанның ядролық қарусыздану бастамалары: әлемге үлгі

Қазақстан ядролық қару сынақтарынан зардап шеккен ел ретінде ядролық сынақтарға да, жалпы атом қаруына да тыйым салуды үнемі жақтап келеді. Қазақстан ядролық қарудан біржолата бас тарту, ядролық қаруды таратпау сынды мәселелерінде өз алдына бірнеше бастамаларды көтерді.
Ең алғашқы бастамаларының бірі Семей ядролық-сынақ полигонын жабу туралы бастама. Семей полигоны 1991 жылы жабылды. Полигонның жабылғанымен, жарылыстардың зардабы мен салдарын халық көрді. Алайда полигонның жабылуы ядролық қауіпсіздікті сақтаудың жаһандық үдерісінің жаңа кезеңіне аяқ басуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ түрлі ядролық қаруға қатысты халықаралық ұйымдарға мүше болып, келісімдерге қол қойды.
1992 жылы Лиссабонда Стратегиялық Ядролық Күштерге қолданылатын стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту (СШҚ) мен шектеу туралы Хаттамаға қол қойды. 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Ядролық қаруды таратпау шартын (ЯҚТШ) бекітті. 1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның құжатына қол қойса, 2006 жылы 8 қыркүйекте Семейде Орталық Азия елдерімен Ядролық қарудан бас тарту туралы шартқа қол қойды, бұл жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосты.
Кейіннен 2009 жылдары әлемдік азаматтық қауымдастықты нығайту мақсатында Қазақстан «АТОМ» жобасына бастамашылық етті. Жобаның басты мақсаты – халықты ядролық қауіп-қатер туралы хабардар ету және ядролық қаруға тыйым салуға қолдауды жұмылдыру. Бүгінде 200 мыңнан астам адам ЯСЖТШ бекіту үрдісін талап етумен мемлекет басшыларына үнделген АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойды. АТОМ жобасының соңғы бес жылдағы қызметінің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген көптеген адамдар ядролық сынақтардың салдары туралы білді және бұл зардаптар өткенмен шектелмейді - олар бүгінде жалғасуда. Осы уақытқа дейін Семей өңірінде туа біткен кемістігі бар адамдар әлі де дүниеге келіп жатыр. Тіпті өңірде қатерлі ісік ауруы бір жарым есе жоғары. Жалпы облыс бойынша сынақтарға байланысты бір жарым миллион адам зардап шекті. ATOM жобасының арқасында бұл оқиға бүкіл әлемге кеңінен танымал болды. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген адамдар АТОМ жобасының онлайн петициясына қол қойды. Бұл петицияның шешімдері Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуін анықтайтын мемлекеттерді көшбасшылық танытуға және осы шартқа қол қоюға әрі ратификациялауға шақырады.
2015 жылы Қазақстан тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Ядролық қарудан азат әлем құрудың жалпыға ортақ декларациясы туралы қарары қабылданды. Бүгінде Қазақстан БҰҰ қарусыздану конференциясы, биологиялық қарулар жөніндегі конвенсия, Ізгіліксіз қарулар жөніндегі конвенциясына қол қоюшы әрі мүше елдің бірі.
Америкалық сарапшылар да Қазақстанның ядролық қарусыз елдер ішіндегі орны мен ядролық биологиялық қаруды таратпаудағы қызметі мен рөліне таңдана қарайды. Әлемде жаппай қырып-жоятын қаруды қолданудың артуы жағдайында америкалық сарапшылар Қазақстанның жаһандық ядролық қаруды таратпау саласындағы жетекші рөлін, сондай-ақ биологиялық қаруға бақылау жасау бастамаларын атап өтті. Джордж Вашингтон университетінің Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институты АҚШ-тың халықаралық салық және инвестициялық орталығымен бірлесіп «Ядролық және биологиялық қаруды таратпау: Қазақстан мен Орталық Азиядан алған сабақтар» тақырыбы аясында өткен конференцияда Қазақстан мен Орталық Азия елдері туралы пікір білдірген. Онда жаппай қырып-жою қаруын таратпау және оны қарусыздандыру жөніндегі жаһандық күш-жігеріне үлес қосқан еліміздің тәжірибесінен сабақ алуға болатынын атап өткен. Қазақстан Кеңес Одағының мұрасы болып табылатын әлемдегі төртінші ірі ядролық қарудан бас тартып, ядролық полигонды жауып, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құруға мұрындық болып, көшбасшылық танытты. Сарапшылар Қазақстан биологиялық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық қозғалыстағы бірегей ел екенін айтты. Қазақстан бүгінде жаһандық ядролық саясатта белсенді ұстанымды ұстанып, айтарлықтай ерекше орынға ие елдердің біріне айналды. Ядролық сынақтардың теріс әсері мен ядролық қордағы Қазақстан ұшыраған қиындықтармен қатар, Қазақстанның кеңестік ядролық бағдарламаға қатысуы да оң аспектілер әкелді. Бұл ең алдымен Қазақстан бейбіт мақсатта пайдалана алатын мұрагерлік инфрақұрылым мен тәжірибеге қатысты.
Қазақстан – ядролық отын циклі қолжетімді әлемдегі санаулы елдердің бірі. Ядролық отын табиғи уранды өндіру және оны қайта өңдеу, уранды байыту, уран түйіршіктері мен отын жинақтарын өндіру сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Қазақстан уран өндіріп, оны өңдейді, сонымен бірге уран өндіруден әлемде жетекші орын алады. Қазіргі уақытта Қазақстанның атом өнеркәсібінің өкілі болып табылатын «Қазатомпромның» уранды конверсиялау бойынша жеке қондырғылары жоқ, бірақ канадалық Cameco компаниясымен бірлесіп тиісті зауыт салу жоспарда бар. 2013 жылы «Қазатомпром» ҰАК-ның 25 пайыз + 1 акциясын сатып алды. Ресейдегі Орал электрохимиялық зауыты және осылайша уранды байыту қызметтеріне барынша қол жеткізді. Кеңестік кезеңнен қалған мұра ретінде Қазатомпром кеңестік, ресейлік үлгідегі реакторлар үшін отын таблеткаларын өндіру технологияларын мұра етті. Жақында компания өндірісті кеңейтті және қазір батыстық үлгідегі реакторлардың кейбір түрлері үшін отын таблеткаларын шығара алады. Өзінің жанар-жағармай жинақтарын өндіретін кәсіпорындары жоқ Қазатомпром Қазақстанда жанармай жинақтарын шығаруды бастау туралы француздық Аревамен келісімге қол қойды. Қазақстан өз қажеттіліктері үшін (электр энергиясын өндіру) атом энергетикасын дамыта ма, әлде басқа елдерге сату үшін уран мен ядролық отынды өндірумен шектеле ме, әзірге белгісіз. Атом электр станциясын салу туралы пікірталастар сонау 1998 жылы басталған. Бірақ күні бүгінге дейін АЭС салу мәселелі қызу талқылануда. Ал 2015 жылы Үкімет өкілдері елдегі электр энергиясының артық болуына байланысты АЭС салу әлі ерте екенін айтқан болатын.