Қазақстанның жаһандық бастамалары

Қазіргі ХХІ ғасыр ақпараттық қоғамда әлем елдері өз алдына жеке жаһандық бастамалар мен түрлі салалардағы түйткілді мәселелерді шешуде бітімгершілікке баса назар аударуда. Сәйкесінше әр ел тұрақты дамуды ілгерілету үшін түрлі жаһандық бастамаларды қолға алуға ден қойып жатыр.
Қазақстан да сыртқы саясат мәселелеріне, халықаралық ұйымдарға қатысу, экономикалық-инвестициялық жобаларды дамыту, бітімгершілік дипломатиясы, ядролық қару, энергетика, стратегиялық серіктестік, әлеуметтік-мәдени бағдарламаларды жүзеге асыру сында жоспарларды дамытуға баса назар аудару үстінде. Осылайша Қазақстанның сыртқы саясаты бейбіт қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа, қақтығыстар мен әлемдік мәселелерді шешуде белсенді рөлге ұмтылуға негізделген. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосуға шешім қабылдағанының арқасында халықаралық қауымдастықтарға жаңа есіктер ашылды. Қазақстан БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдарға қосылды. Сондай-ақ мемлекетке аса қажет зор мұнай-газ секторында халықаралық инвестиция мен технологиямен қамтамасыз етілді. Мәселен, америкалық «Шеврон» компаниясы Теңіздегі мұнай кен орнын игеру үшін қазақстандық нарыққа алғашқылардың бірі болып шықты.
Қақтығыстар мен пандемия елге қалай әсер етті?
Әлем елдеріндегі қақтығыстар мен аты жаман пандемия еліміздің сыртқы саясатына елеулі әсер етті. Көршілес елдер мен Ауғанстандағы соғыс және аймақтағы лаңкестік қатерлердің күшеюі Қазақстанның сыртқы қауіпсіздік саясатын белсендіруге ықпал етті. Еліміз терроризммен және есірткі бизнесімен күресу үшін халықаралық одақтастармен және ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтты. Сондай-ақ COVID-19 пандемиясының таралуы кезінде де еліміз өзге елдер сияқты денсаулық сақтау мәселелерімен бетпе-бет келді. Бұл кезеңде тұтастай елімізге вирустың таралуына қарсы күресіп, экономиканы қалпына келтіру шараларын әзірлеу қажет болды. Бұл медицина мен вакцинация саласында халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға негіз болды. Сын-қатерлеріне жауап ретінде Қазақстан басқа елдерге медициналық көмек көрсету арқылы дипломатиялық қызметті, оның ішінде «медициналық дипломатияны» кеңейтті. Соғыс пен пандемия жаһандық экономикаға, оның ішінде Қазақстан экономикасына тікелей әсер етті. Елге экспортталатын тауарлар көлімі айтарлықтай күрт төмендеген тұста Қазақстан сауда мен инвестицияның жаңа көздерін іздей бастады.
Ядролық қарусыздану бастамалары
Еліміз ядролық қарусыздану бастамалары бойынша әлем бойынша көш басында тұрған мемлекеттердің бірі. Себебі алғаш ядролық-сынақ полигонын жабу туралы бастама көтерген де, алғаш ТМД елдері арасында да хаттамалар мен келіссөздер мен петицияға қол қойған де ел. Осы тұста елдің бұл салада мықты тәжірибесі мен әлем елдері арасында беделі бар. Тыйым салу шеңберінде халықаралық ұйымдар мен қоғамдастықтарда өз орнын нықтап қойып, бүгінде басқа елдерді де осы топқа қосу үшін бастама көтеріп жүр. Атап айтсақ, БҰҰ, АТОМ, МАГАТЭ сынды ұйымдарға мүше.
Дипломатия – Қазақстанның басты қаруы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиясының басымдықтары. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы көптеген дамыған елдердің қатарында елеулі аймақтық мемлекеттердің бірі, оның айрықша белгісі ретінде тату көршілік қарым-қатынас орнатуға мүдделілігі айта аламыз. Мұндай қарым-қатынастар аумақтық тұтастық пен қол сұғылмаушылықты құрметтеу, төзімділік пен өзара қауіпсіздік сияқты маңызды қағидаттарға негізделген.
Қазақстанның тарихында 20 ғасырдың бірінші жартысы алпауыт екінші дүниежүзілік соғыспен және бірқатар революциялармен сипатталады, оның ішінде: Ресейдегі Қазан төңкерісі және нацистік Германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония және антифашистік елдер арасындағы адамзат тарихындағы ең ірі соғыстар болып табылады. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысы отаршылдық жүйенің ыдырауы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының күйреуі сияқты ірі тарихи оқиғалар болды. Осылайша адамзат тарихында жаңа дәуір басталды. Бұрынғы стереотип геоэкономикалық, геосаяси және геоқұрылымдық деп аталатын басқа өлшемдерге ауыстырылды. Тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген Қазақстан әлемдік қауымдастыққа қосылудың, қазіргі халықаралық қатынастардағы өз орны мен рөлін анықтаудың, мемлекеттің сыртқы саясатындағы басымдықтарды айқындаудың күрделі жолына түсті.
Біздің елімізді бүкіл әлем бойынша 1995 жылдың басына қарай дүние жүзінің 120 мемлекеті мойындап, оның 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Алматыда 62 шетелдік елшіліктер мен өкілдіктер, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері бар.
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа енді, көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. 1992 жылдан бастап - БҰҰ және оның бірқатар жүйелерінің БҰҰДБ, ЮНЕП, ЮНКТАД, UNDCP, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДҰ, ИКАО, ШЫҰ, Орталық Азия Одағы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ТМД, ИЫҰ, АӨСШК және т.б бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақстан қазір кең ауқымды әскери-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тереңірек көңіл бөлуде.
Биылғы жылы Қазақстанда визасыз режим деп аталатын жаңа жүйе қалыптасып жатыр. Бұл Қазақстанның басқа мемлекеттермен димломатиялық қарым-қатынас орнатып отырғанының айқын дәлелі. Бүгінде әлемнің 75 еліне дипломатиялық, қызметтік, ҚР азаматтық куәліктері арқылы визасыз кіруіне белгілі бір мерзімде рұқсат берілді. Сондай-ақ өзге мемлекеттерге де дәл осылай Қазақстан территориясына визасыз кіруіне келісім берілді. Бұл визасыз режимнің орнауына, екі ел арасындағы дипломатиялық келісімдердің дамуына мүмкіндік береді.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын нығайту мақсаттарына оның НАТО-мен ынтымақтастығы және «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылуы да жауап береді. Оған қатысу НАТО-мен байланыстарды тереңдету мен әртараптандыруға, оның егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық және экономикалық жобалар
Сыртқы саясаттың тұрақты дамуы үшін экономикалық өсу факторларының маңызы зор. Кез келген елдің, оның ішінде Қазақстан халқының мүддесін сақтау үшін қауіпсіздік пен экономикалық мүдделердің алға жылжуы сыртқы саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Қазақстанның көпвекторлы саясатының айрықша маңызды белгілерінің бірі – белсенді экономикалық дипломатияны жүргізуге бағытталғандығы. Заманауи шындықтарды, сыртқы саясатты үнемдеуді ескере отырып, Қазақстанның стратегиялық сыртқы саясаты прагматизмге негізделген елдің мүдделерін жетілдіру мен ілгерілетуді талап етеді. Бұл жағдайда заманауи шындықтарды ескеру қажет. Мұндағы басты міндет әлемдік экономиканың құрамдас бөлігі болып табылатын ұлттық экономиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Бүгінде елімізде экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобалармен жұмыс жүргізілуде. Басты жоспардың бірінде 130 мың жұмыс орнын құрып, елдің әлеуметтік-еңбек ресурсын қамтамасыз ету болмақ. Сондай-ақ, Қазақстанға ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды релокациялау процесі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 62 компания бойынша нақты нәтижелер бар.
Сонымен қатар, 2029 жылға дейін кемінде $150 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тарту туралы тармаққа қатысты, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында тартылатын ТШИ көрсеткіштерін оң өсу серпінімен жылдар бойынша бөлу көзделіп отыр. Жыл басынан бері шетелдіктердің қатысуымен жалпы құны $3,7 млрд құрайтын 36 инвестициялық жобаны пайдалануға беру қамтамасыз етілді, 3,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Тағы 5 жоба іске қосылады деп күтілуде. Мысалға айтар болсақ, Корея Республикасының қатысуымен 2028 жылға дейін Павлодар қаласында, 1500 жұмыс орнын құрайтын металлургиялық зауыттың құрылысы басталмақ. Тағы сол секілді БАӘ, Түркия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және тағы да басқа мемлекеттер де инвестиция жасауда.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан бейтараптық саясатын ұстанып отыр. Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға әсер етпейді, ал Қытай, ЕО және Ресей негізгі сауда серіктестері болып қала береді, бұл экономикаға Қытаймен ынтымақтастықтан қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.
Экономикалық мәселелерді шешу үшін саяси негіздер болмаған жағдайда Қазақстан өзінің аумақтық жағдайын және Ресей және Қытай елдерімен шекарасын тиімді пайдаланды. Саяси және экономикалық тұрақтылық Қазақстанға Қазақстан, Ресей және Еуропа арқылы өтетін бағыттың бір бөлігі ретінде «Жаңа Жібек жолы» жобасына қатысуға мүмкіндік берді.
Қазақстан ТМД елдерінде бірінші болып қаржылық есеп беру, сыртқы экономика және бағалау, жер қойнауын енгізу, көлікте, басқа салаларда білім беру саласында халықаралық стандартты қолданды. Бұл елдің халықаралық экономикалық қатынастарға интеграциялануын және экономикалық дамуын жеделдетуге ықпал етті.
Осылайша, Қазақстанның экономикалық мүдделерін ілгерілету шетелдік инвестицияларды тартудың күшті әлеуетіне, сондай-ақ оның әлемнің экономикалық ұйымдарымен белсенді ынтымақтастығына ие.
Қорытындылай келе, бірнеше жылдар ішінде Қазақстан негізгі міндеттерді шешті. Екі ірі держава арасындағы ұлан-ғайыр аумақта орналасқан геосаяси орналасуы Қазақстанға өзінің ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз етуде маневрлік пен икемділіктің жоғары дәрежесін табандылықпен үйлестіретін белсенді саясатты жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер береді. Белсенді ұстаным мен үйлесімді және өзара тиімді қарым-қатынасқа бағдарлану ТМД-да да, әр түрлі шеңберінде де Қазақстанды тұрақты етті. Сондай-ақ түрлі саладағы жаһандық бастамалар елдің ілгері дамуына зор мүмкіндік жасайды.