Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:55

Қазақстанның жас хоккейшілерін қорлаған ресейлік комментаторға айыппұл салынды

Гречанин
Фото: ашық дереккөз

Ом облысының соттары баспасөз қызметінің хабарлауынша, Максим Гречанин әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство деректеріне қарағанда, 5 қаңтарда «Авангард» ХК академиясында өткен матчты тікелей эфирде талқылау барысында ол телефон арқылы Қазақстанның «Астана» командасы ойыншыларына қатысты теріс пікірлерін жария етті.

Оған қатысты «топтың абыройын қорлауға бағытталған әрекеттер» бойынша іс қозғалды. Гречанин сотқа келмеген.

Сот оған 10 мың рубль (шамамен 64 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: