Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:10

Қазақтар мен қырғыздарды қорлағаны үшін Екатерина Биволға қатысты сот үкімі шықты

 Екатерина Бивол
Фото: ашық дереккөз

Санкт-Петербург соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы, блогер Екатерина Биволға қатысты ұлтаралық және тілдік белгі бойынша өшпенділік қоздырғаны үшін 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. 

 

Бұл жөнінде Санкт-Петербург қаласы соттарының біріккен баспасөз қызметі мәлімдеді.

Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты Екатерина Биволға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін өткен жылдың желтоқсан айының соңында тіркеген. Интернет желісін мониторингілеу барысында Telegram мессенджеріндегі арналардың бірінде жарияланған бейнежазба анықталған. Онда Екатерина Бивол қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлау мен бейәдеп сөздер айтқан.

Еске салайық, өткен жылдың қазан айының соңында Қазақстан полициясы Екатерина Биволға іздеу жариялаған болатын.

Сонымен қатар Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Қырғызстанда нәсілдік, этностық, ұлттық, діни және аймақаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен сырттай қамауға алынған.