Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:06

Қазақтарды «қорлады» деп айыпталған Алика Мұхамадиеваның соты өтіп жатыр

Алика Мұхамадиева
Фото: Жас Алаш

Қарағандыда көпшіліктің назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот процесі басталды. Тергеп-тексеру барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған.

Қорғаушыларының сөзінше, Мұхамадиеваның екі жасар баласы бар. Осыған байланысты олар соттан жаза түрін жеңілдетуді сұрап отыр. Дегенмен, жеңілдетілген жағдайда да айыпталушы 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы шешімді сот шығарады.

Қазір тараптар айыппұл төлеу арқылы жазаны ауыстыру нұсқасын қарастырып жатыр. Алайда бұл жағдайда төленетін сома аз емес — 12 миллион теңге.

Қоғамда үлкен дау тудырған істің келесі сот отырысы 18 қазанда өтеді.

Айта кетейік,  2025 жылдың жазында Алика Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қазақстандықтарға тіл тигізді деген шағымдардан кейін ол тергелді. Шілде айында ол қамауға алынып, іс материалдары тергеу органдарына берілді.

Кәсіпкер бұған дейін кінәсін ішінара мойындап, айтқан сөздері контекстен жұлынып алынғанын мәлімдеді. Ол кешірім сұрап, ешкімнің сезіміне тию ниеті болмағанын атап өтті.

Кейін Мұхамадиева екі айға қамауға алынып, қазан айында іс сотқа жіберілді.