Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

«Қазақтың Робин Гуды» атанған қор жетекшісі алаяқтық жасады деп айыпталды

Ілияс Сариев
Фото: Жас Алаш коллаж

Алматыда әлеуметтік желіде qazaq_robin_hood деген атпен танылған қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевтің ісі сотта қаралып жатыр.

 Тергеу деректеріне сәйкес, ол көмекке мұқтаж ата-аналарға «балаларына ақша жинап беремін» деп уәде беріп, әрқайсынан 1,5 млн теңге талап еткен.

Сариевке ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлім, 4-тармағы бойынша «ірі көлемдегі алаяқтық» айыбы тағылды. Істі судья Ернар Қасымбек жүргізіп жатыр, ал мемлекеттік айыптаушы ретінде Асет Айдаров қатысып жатыр.

Жәбірленушілердің көпшілігі Қазақстанның түрлі өңірінде тұратындықтан, сотқа онлайн қосылды. Ал Алматыда өткен отырысқа келген Айман Жүргенбаева айыпталушыға 750 мың теңге бергенін айтты. Оның сөзінше, үш жасар қызы сал дертіне, эпилепсияға және дамуы тежелуіне байланысты көмекке мұқтаж болып, сол себепті Сариевке жүгінген.

Тегтер: