Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 18 Тамыз 2023

«Казақстан» шахтасында қаза тапқан үшінші кеншінің денесі табылды

None
None

Бір күн бұрын ірі өрт болған «Қазақстан» шахтасында тағы бір кеншінің мәйіті табылды.

Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза тапқан жолдастың туған-туыстары мен жақындарына  қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында төтенше жағдай 17 тамыз күні таңертең болған. Көмір кәсіпорны «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі. Өрт конвейер лентасынан шыққан. Өрт кезінде шахтада 227 адам болып, оның 222-сі сағат 13:50-де жер бетіне шығарылды. 17 тамыз күні кешке із-түзсіз жоғалған кеншілердің бірінің денесі табылды. 18 тамыз күні таңертең екінші жұмысшы қаза болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тағы екі жұмысшыны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: