«Қазатомөнеркәсіп» жыл басынан бері 8 мың тоннаға жуық уран сатқан

Ақорда ақпаратынша, Мейіржан Юсупов
компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берген.
Сондай-ақ ол:
▪️жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткенін және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтағанын айтты;
▪️еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндады;
▪️«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырған.
t.me/aqorda_resmi