Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:00

Қажықұмар Шабданұлының 9 том шығармалар жинағы жарық көрді

П

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен 18 желтоқсан күні көрнекті жазушы, ұлт руханиятындағы айрықша тұлға Қажығұмар Шабданұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТЕГІ ДЕРЕКТІЛІК ПЕН КӨРКЕМДІК СИНТЕЗ» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Аталған ғылыми жиынның мақсаты – Қажығұмар Шабданұлының шығармашылық мұрасын ұлттық әдеби үдеріс аясында жан-жақты талдау, жазушы туындыларындағы тарихи шындықтың көркемдік шешімдерін, азаматтық ұстаным мен рухани еркіндік идеясының көрінісін қазіргі әдебиеттану тұрғысынан пайымдау болды.

П

Конференция «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында өтіп, жиынды М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов жүргізді. Кенжехан Ісләмжанұлы кіріспе сөзінде Қажығұмар Шабданұлы шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орнына, жазушының тағдырлы өмір жолы мен көркемдік әлемінің ұлттық санадағы маңызына кеңінен тоқталды.

Конференция аясында Қажығұмар Шабданұлы шығармаларының көптомдық жинағының тұсаукесері өтті. Бұл басылым жазушы мұрасын жүйелі түрде ғылыми айналымға енгізу бағытындағы маңызды қадам ретінде бағаланды. Шараның алғашқы бөлімінде қаламгердің өмірі мен шығармашылық мұрасы кеңінен қамтылған конференцияға арналған құттықтау сөздер мен естеліктер айтылды.

Конференцияның негізгі бөлімінде Қажығұмар Шабданұлы шығармашылығы әртүрлі қырынан жан-жақты талданды. 

Сонымен қатар жазушыны көзі көрген замандастары Сәли Сәдуақас пен Жұмабек Өсер Қажығұмар Шабданұлының адамдық болмысы, тағдырлы кезеңдегі рухани беріктігі мен азаматтық ұстанымы туралы тағылымды естеліктерімен бөлісті. Бұл естеліктер жазушының өмір жолындағы күрделі кезеңдерді айқындай түсті.

Н

Конференция аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – жазушының қызы Жайнар Қажығұмарқызының Институт қорына әкесінің қолжазбаларын ресми түрде тапсыруы болды. Осыған орай Қажығұмар Шабданұлы шығармалары негізінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, қаламгер мұрасының рухани және көркемдік құндылығы кеңінен таныстырылды.

Сондай-ақ іс-шара барысында жазушының шығармалар жинағының 9 томының тұсауы кесіліп, таныстырылы жасалды. Бұл шығармалардың дені Қытай түрмесінде жазылған. Атап айтсақ, атақты 6 томдық “Қылмыс” романы, “Пана” тарихи романы, “Бақыт жолында” повесті және өлеңдер мен дастандар.