Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 29 Шілде 2024

«ҚазМұнайГаз» басшылығының құрамында өзгерістер болды

а
Фото: kmg.kz

ҚазМұнайГаз компания басшылығының құрамында өзгерістер болғанын хабарлады.

Руслан Әлібекұлы Балықбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі жобалар бағытын басқарады.

Р. Балықбаев Қазақстан-Британ техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру», Турин қаласының политехникалық университетін (Polytechnic University of Turin) мұнай инженері магистрі мамандығы бойынша бітірген.

2013-2024 жылдары Р.Балықбаев «PSA» ЖШС-де менеджер, аға менеджер, департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі) болып қызмет атқарды.

Атқарған қажырлы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

2019 жылдан бері — Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Тегтер: