Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:00

«Қазпошта»-ның экс-басшысы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды

 Әсел Жанасова
Фото: ашық дереккөз

Маусым айында Әсел Жанасова «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Бүгіннен бастап Ә. Жанасова енді Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне кірісті.

Еске салайық, Әсел Жанасова 2020-2022 жылдары Сауда және интеграция вице-министрі болды. 2025 жылы Forbes журналы оны Қазақстандағы ең ықпалды әйелдердің қатарында 18-орынға қойған.

Тегтер: