Көкірекбаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды
Алматы облыстық соты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы бастығы мен орынбасарына қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қайта қарады.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилерінің үкімімен (көпшілік дауыспен) А.және П. ҚК 366-бабының 4-бөлігі және ҚК 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. К. оған тағылған айыптар бойынша ақталды.
Аппелация барысында, облыстық сот алқасы істің материалдары мен тараптардың дәлелдерін зерттеп, К-ға қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Сондай-ақ, аса ірі мөлшерде пара бергені және пара алғаны үшін кінәлі деп танылған П. мен А.-ның соттылығы жойылды, делінген хабарламада.
Қылмыстық іс басты сот талқылауы сатысынан бастап сол сотқа өзге құрамда жаңа сот қарауына жіберілді.
Ақтау үкімінің күшін жоюдың негіздері:
- алқабилердің алдына қойылған сұрақтарды тұжырымдау кезіндегі бұзушылықтар;
- дәлелдемелердің рұқсат етілуін бағалау кезіндегі бұзушылықтар;
- үкімнің сипаттамалық бөлігінің қарар бөлігіне сәйкес келмеуі.