Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:36

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

Әсет Матаев
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы басылымның бас директоры Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Жаңа ғана адвокаттары ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің ұсталғанын хабарлады. Ол сағат 19:00-де Астананың Есіл аудандық полиция бөліміне тергеу әрекеттеріне шақырған болатын. Мұны құқық қорғау органдары мен тапсырыс берушілер тарапынан жасалған құқықтық бассыздық деп санаймын. Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Әмірге тағылған барлық айыптар алынып, ол босатылуы тиіс!», - деп жазды Әсет Матаев.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда ҚазТАГ басшыларына қылмыстық іс қозғалды. 

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов Freedom Finance компаниясының шағымы бойынша күдікті деп танылды.

Агенттік бұл шағымды алаяқтық схемалардан зардап шектік деген жәбірленушілердің айтқан сөздеріне сүйенген материалдармен байланыстырады.

Редакция іс қозғалғанын бірнеше ай бойы білмеген

Қылмыстық іс 18 тамызда қозғалған, бірақ редакция бұны тек 20 қараша күні ғана өзге БАҚ арқылы естіген. Тергеу органдары бірнеше сараптама жүргізсе де, редакцияға бұл туралы хабарламаған. Адвокаттар мұны ҚПК нормаларының өрескел бұзылуы деп бағалап отыр.

Адвокат Ерлан Макенов тергеушінің әрекеті оларды 272 және 274-баптарда көрсетілген процессуалдық құқықтарынан айырғанын айтты. Тергеуші Заманбек Тазабеков тіпті сұрақтардың «жоғарыдан берілетінін» байқамай айтып қойған.

KazTAG -тың жазуынша, барлық мәліметтер адвокат Светлана Оралбаева мен жәбірленушілер берген ақпаратқа негізделген. Олар Freedom Finance компаниясына қатысты өз позицияларын жеткізу үшін редакцияға өздері хабарласқан.

Сонымен қатар Freedom Finance редакцияның ресми сауалдарына жауап бермеген.

KazTAG бұл істі – саяси қысым деп санайды

Агенттік бұл істің артында жоғары лауазымды тұлғалардың болуы мүмкін екенін айтады және оны «алдағы сайлау алдындағы қорқыту әрекеті» деп бағалайды. Сондай-ақ олар «сенімсіз тұлғалар тізімінің» жасалғанын, онда ондаған журналист, құқық қорғаушы және сарапшы барын атап өтті.

 

Тегтер: