ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің үйқамағы 25 сәуірге дейін ұзартылды
Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің үйқамақ мерзімін 2026 жылғы 25 сәуірге дейін ұзартты.
Бұл туралы адвокат Сәлімжан Мусин мәлімдеді.
«Наурыз құтты болсын! Бірақ бізге тыныштық бұйырмай тұр. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қасенов Әмірдің үйқамақ мерзімін 2026 жылғы 25 сәуірге дейін ұзартты», – деп жазды Мусин жексенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында
Қасенов пен ҚазТАГ бас директоры Асет Матаевқа қатысты қылмыстық іс Freedom Finance ісі бойынша жәбірленушілердің мәлімдемелерінен кейін қозғалған. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, отандық және халықаралық ұйымдардың назарын аударды.
Бұған дейін Журналистерді қорғау комитеті (CPJ), «Әділ сөз» халықаралық қоры, сондай-ақ бірқатар депутаттар мен құқық қорғаушылар ҚазТАГ басшылығына қатысты қудалауға алаңдаушылық білдірген еді. АҚШ, Еуроодақ және өзге де халықаралық құрылымдар да бұл істі бақылауда ұстап отыр.
Еске салсақ, 20 наурызда ҚазТАГ-тың бас директоры Әсет Матаев екі айға қамауға алынған болатын.