KazTAG Freedom Finance-тің бұрынғы топ-менеджерінің талап-арызы бойынша сотта жеңіске жетті
KazTAG Freedom Finance компаниясының бұрынғы топ-менеджері Темерлан Беков берген талап-арыз бойынша сотта жеңіске жетті.
Бұл туралы агенттік тілшісі хабарлады.
Сот Темерлан Әділұлының «МИА KazTAG» ЖШС-не қарсы берген, жарияланған мәліметтерді шындыққа сәйкес емес, жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп тану, материалды өшіру және моральдық шығын өндіру туралы талабын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты.
Сонымен қатар сот Бековтен «МИА KazTAG» ЖШС-нің өкілдік көмекке кеткен шығындарын өтеу үшін 20 мың теңге өндіру туралы шешім шығарды. Бұл туралы бейсенбі күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында KazTAG мүддесін қорғаған адвокат Рена Керимова хабарлады.
Алайда адвокат бұл шешімнің аталған бөлігімен келіспейтінін атап өтті.
«Өкілдік шығын ретінде өндірілген 20 мың теңгемен келіспейміз. Апелляциялық сатыға шағым түсіреміз», - деп жазды Керимова.
Адвокаттың еске салуынша, Темерлан Беков KazTAG-ке «Freedom Finance-тің тағы бір топ-менеджері қылмыстық іс фигуранты атанды» деген тақырыппен жарияланған материалға байланысты сотқа жүгінген.
Аталған іс бойынша сотта KazTAG мүддесін адвокат Елена Жигаленок пен заңгер Ника Пасечникова да қорғады.