Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:48, 25 Маусым 2024

«Қазтелерадио» қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

ы
Фото: pixabay

«Қазтелерадио» алаяқтардың тұрғындарға хабарлама жіберуі жиілеп кеткенін айтып, сақтық шараларына шақырды.

Компанияның барлық жұмыскерлері мен серіктестерін қырағылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз. Қоғам басшыларының атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз. Қоғам басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (министрліктің) жұмыскерлерінен келіп түсуі мүмкін сұрау салулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе ақшалай қаражатты олардың өзіңізге белгілі нөмірлері арқылы жеке әңгімелесу барысында алдын ала келісіп алмай, жібермеңіз,- делінген хабарламада.

Компания осындай хабарламалар мен қоңыраулар алған жағдайда нөмірді бұғаттауды және бұл туралы Қоғамның Қауіпсіздік қызметіне мына байланыс нөмірі арқылы хабарлауды сұрайды: 8 (727) 2444500, ішкі 1160.

Тегтер: