Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:30, 10 Желтоқсан 2021

Келетіні анық - Бекшин омикрон штамына қатысты пікір білдірді

None
None

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда «омикрон» штамы қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

«Келетіні анық. Қай уақытта екенін білмейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған деректерді ғана пайдаланамыз. „Омикрон“ туралы болжайтын ресми деректер жоқ», — деп хабарлады ол.

Брифинг барысында Бекшин Алматыда қазірдің өзінде 1,3 миллион тұрғын вакцина салдырғанын, сондай-ақ, 15 682 адам ревакциналаудан өткенін мәлімдеді.

Бұған дейін Алматыдағы жағдай туралы онлайн брифинг барысында Қазақстанның стоматология қауымдастығының аймақтық директоры Гүлнар Сәлімова коронавирус салдары некрозға әкелуі мүмкін екенін айтқан еді.

Тегтер: