Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 06 Қаңтар 2024

Келісімшарт бойынша соғысқа барғандар Ресей азаматтығын алады

паспорт россия
Фото: Риа Новости

Ресей президентінің жарлығына сәйкес, Украинада Ресей Федерациясы үшін соғысып жатқан шетел азаматтары Ресей азаматтығын алуға өтініш бере алады.

Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде армияда немесе «әскери құрылымдарда» қызмет ету үшін Ресей Қарулы Күштерімен (РФҚ) келісімшартқа отырған шетелдіктер Ресей азаматтығын алуға өтініш бере алады. Ресей президенті Владимир Путин қол қойған тиісті жарлық 4 қаңтар, бейсенбі күні нормативтік құқықтық құжаттар порталында жарияланды. Соғысқа қатысушылардың жақын туыстары да Ресей азаматтығын алады.

Сонымен қатар, соғыс кезінде денсаулығына байланысты Ресей Қарулы Күштері қатарынан кеткен, келісім-шарт мерзімі біткен, әскери қызмет өткеру жасына жеткен шетелдіктер Ресей азаматтығын алуға өтініш бере алады. Путиннің жарлығына сәйкес, 2014 жылдың 18 наурызына дейін Қырымда немесе Севастопольде тұрақты тұрған Украинада туған азаматтар Ресей азаматтығын алуға өтініш беруге құқылы.

2023 жылдың мамырында Путин Ресей Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру туралы келісім-шартқа отырған шетелдіктерге Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте беруге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. РФ Тергеу комитетінің басшысы Бастрыкин Ресей төлқұжаттарын алған мигранттар Украинаға қарсы соғысқа қатысудан бас тартса, оларды азаматтықтан айыруды ұсынды.