14:00, 11 Қаңтар 2022
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады
Жұмысшылар қауымы біз барлық қазақстандықтар сияқты бейбітшілік пен тұрақтылық үшін нық тұратынымызды мәлімдейміз.
— Елімізде болған лаңкестіктің еліміздің тұтастығы мен егемендігіне жасаған шабуылы, олардың жасаған зорлық-зомбылық әрекетіне тойтарыс беру үшін және тәртіпті қалпына келтіру жолында құқық қорғау органдарының және жеке Сіздің қандай ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқандарыңызға куә болып отырмыз. Біз жақын арада ортақ үйімізде бейбітшілік орнайтынына сенімдіміз. Сіз бізге, Қазақстан азаматтарына, қаскөйлердің көзі жойылатынына сенім орнаттыңыз,-деген үндеу жолдады қарағандылық өнеркәсіп еңбекшілері мемлекет басшысына.