Кеншілер мен металургтерге жеңілдетілген ипотека берілді

Қарағанды облысының әкімдігі мен «Отбасы банкі» кеншілер мен металлургтерге кеше жеңілдетіліген ипотеканың сертификатын тапсырды.
Бұл бастамаға «Шұбаркөл Көмір» компаниясы қолдау танытқан. Оңтайлы шешім кен өнеркәсібінің баспанаға мұқтаж жұмысшылары үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр.
«Мен «Шұбаркөл көмір» кәсіпорынында қоймашы болып істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Өзім жалғыз басты анамын. Бұған дейін пәтер сатып алуға мүмкіндік болмады. Енді ұлым екеуміздің меншікті үйіміз болады. Балам келесі жылы 9-сыныпты бітіреді. Ол қазірден кәсіптік- техникалық колледжге түсіп, кенші мамандығын алып шығуды армандап жүр. Сөзімінің соңында, осы бағдарламаны ұйымдастырушыларға зор алғыс айтамын", — деді қуаныш сезімін жеткізген Эльмира Құлметова.
Тұрғын үй беру аталған бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 400 млн теңге бөлінді. Мұның сыртында, 300 млн теңгені «Отбасы банкі» берсе, қалған 400 млн теңгеге Еуразиялық топ (ERG) инвестиция құйған.
«Тұрғын үй -ең басты әрі ең қажетті жоба. Бұл ретте, ұтымды әлеуметтік жобаны қоштаған «Отбасы банкіне» риясыз көңілмізді білдіреміз. Әкімдік жер асты майталмандарының мүддесіне қатысты барлық бағдарламаларды қолдайды. Үміткерлерге айтарым, бастапқы нарықтағы үйлерді таңдауға мүмкіндік зор. Сондықтан, асықпағандарыңыз абзал. Биылдың өзінде, Қарағанды қаласында 800 шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр»,- деді баспана иелеріне сертификат тапсыру салтанатында сөз алған облыс әкімі Е. Бөлекпаев.
Бағадарламаның тағы бір артықшылығы, ипотеканың бастапқы жарнамен қосқандағы жылдық төлем мөлшерлемесі 5 пайызды құрайды.
Мамандардың айтуынша, бұл саналы өмірін өндіріспен байланыстыратын жас мамандарға таптырмас қажеттілік. Еуразиялық топ өзге өңірлердегі тұрғын үй бағдарламаларына кедергісіз қолдау білдіріп отыр. Соның арқасында, екі жыл ішінде өндірісте жұмыс істейтін 600 адам үйге қол жеткізген.
Бағдарламаның орындалу уақыты 5 жылға есептелген. Пәтерді қаладағы тұрғын үйлердің бастапқы немесе қайталама нарығында сатып алуға болады. Қарыздың ең жоғарғы сомасы-20 млн теңге. Үйге өтініш жасаушылардың тізімін «Шұбаркөл Көмір» АҚ әзірлейді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның т 60 жұмысшысы жеңілдетілген ипотека алады.
Айт кеткен жөн, кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген ипотека беру былтыр басталды. Өткен жылы 134 отбасы баспаналы болған. Ал, биыл 75 жанұя жаңа пәтерге қолжеткізеді.
Айтбала Сүлейменқызы Қарағанды облысы