Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:31

Кентауда газ жарылысы: бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды

Кентау
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орны орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шықты. 

Төтенше жағдай орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері жалынды қысқа мерзім ішінде толық сөндірді.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр. Барлық жарақат алған азаматтар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Оқиға орнына Нұралхан Көшеров арнайы барып, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізді. Аймақ басшысы жағдайды жеке бақылауына алып, оқиға бойынша жедел штаб құрылғаны хабарланды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жарылыстың шығу себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.