Бүгін, 09:00
Кентаудағы газ жарылысынан зардап шеккен екінші адам көз жұмды
Түркістан облысы Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында болған газ жарылысы салдарынан зардап шеккен екінші адам қайтыс болды.
Бұл ақпаратты жергілікті әкімдік растады.
Апат кезінде денесінің 90%-ы күйік шалған азамат кеше жер қойнына тапсырылды.
Еске салсақ, 1 қаңтарда түнгі сағат 02:00 шамасында Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан болатын.
Қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы студент оқиға орнында қаза тауып, тағы 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатқан.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.