Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:52, 24 Шілде 2018

Кербұлақта жеті күнде бидай өседі

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, Алматы облысы Қарашоқы ауылында небәрі жеті күнде бидай өсті.
Бұл бидай қыс пен жазды талғамайды.  Жеті күн сайын орақ саласыз да, пайдаға белшеден батасыз. Бір ғана машақаты – жылыжай керек. Дегенмен жылыжайда бір аптада ең өсімтал қияр да өспейтінін ескерсеңіз, жеті күндік бидай өсіру әлдеқайда пайдалы.Негізі, бұған дейінголландиялық ботаник Хуго де Фриз бидайды 18 күнде өсіріп шығарудың амалын тапқан. Оның бұл жаңалығын одан әрі дамытқан Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылының  17 жасар баласы Мағжан Ысқақ бидай өсімін жеті күнгежеткізген. «Осыдан бес жыл бұрын бір ғалымның «Нобель сыйлығын алғысы келген адам өсімдікті қолдан шығаруы қажет. Көміртек монооксидін сіңіріп, оттек шығаратын өсімдіктен басқа дүниені қашан ойлап табады?» деген сөзі мені қатты ойға қалдырды. Бұйыртса, екі жыл ішінде биофизиканы оқып, көміртекті сіңіріп, глюкоза түсетін және нәтижесінде оттек шығаратын аппарат ойлап табуды мақсат етудемін. Осындай жаңа идеям бар. Бұл – болашақтағы үлкен жоспарларымның бірі», – депті жергілікті баспасөзге сұхбат берген болашақта медицина саласының қызметкері болуды мақсат еткен Мағжан.– Жемді қыс мезгілінде жүйелі түрде өсіретін болсақ, 25 ірі қараны еркін түрде қорекпен қамтамасыз етуге болады. Сан гектар жерге егін еккенше, кішкене ғана тақтайшаларға жем өсіріп алудың пайдасы ұшан-теңіз. Осылайша мемлекетке өз пайдамды тигізсем, – дейді жас ғалым.Оның бұл жаңалығына қызығып отырған ауыл тұрғындары  көп. Оған  себеп – жыл мезгілін таңдамай өсетін жемнен мал тез қомданады.Айтпақшы, Мағжан Ысқақ 2017 жылы Алматы облысы әкімінің Very Innovative People атты инновациялар мен жаңа технологиялар байқауына қатысып, аталған жобада 2 600 000 теңге көлемінде грант ұтып алған. Бесінші рет өтілген осы ғылыми жобада алғаш рет ауылдық округтен шыққан жеңімпаз да осы Мағжан Ысқақ екенін айта кетейік.
Тегтер: