Керей ҚОЙШЫБЕК: Заң төрт жылда бір өзгеруі керек

Кейде Керағамды іздеймін. Іштей. Іздеген кездеақылын еске аламыз. Кейбір әпенділігін еске түсіріп езу тартамыз.
Дана кісіде кейде бала қылық байқалып қалады.Пойыздан бір аяғына төпли, екіншісіне тәпішке іліп түсуі таңсық емес. Жекекөлігін жұмысында ұмытып, үйіне жаяу қайтатыны да бір анекдот. Жетпісті алқымдаса да, жаттығуын үзбейтін,талантты шәкірт іздейтін Керей Қойшыбекке сәлем берудің өзі бір ғанибет. Алыстажүрген соң, телефон шалғым келді. Бізде сақталған нұсқасы елге ұялы байланыскелген кездегі нөмірі екен. Өзі өзгермейтін ағамның нөмірі қалай өзгере қойдыдейсің дегенді ұстанып, теріп жібердік. Дұрыс еместігін алға тартып, алысқаұзамай тоқтады. Енді түсіндік, сақталған мерзімі қысқа нөмірді теретін кез еді.Қайта соқтық. Қоңырау кетті. Сәлден кейін ағамның қоңыр даусы естілді.
– Кімбұл?
– Аға, ассалаумағалейкум, мен ғой.
– Меніңкім?
– Амангелді.
– Небұйымтай?
– Қалыңыз қалай?Есен-саусыз ба? Соны білейін деп...
– Есендіккене жетеді. Жұмбақ індетің елді буып барады. Талай таныс келместің кемесінемініпті. Омалып отыру біздің салтта жоқ. Өмір сүру үшін де қозғалыс қажет. Жүгіріпкелемін. Шет жақта, өзен бойы. Тауға да жол бар. Бұл маңда боксшы, балуанныңбәрі жиналады. Әркім өз шамасына қарай жүгіреді. Қазір бізге алты шақырымныңөзі жарап тұр. Жарты сағат жүгіремін. Жаттығуым бар, біраз шартқа толады.
– Күрес ше?
– Күресорнында ғой. Бәлен деуге келмейді. Қай күресті сұрап тұрсың, негізі?
– Әлі күресесіз бе?
– Не,мені шау тартты деп пе едің? Кел, тексер.
– Білемін ғой, аға. Жалпы, күрес қалай дегенім...
– Қайкүресті айтасың?
– Самбо. Әйтпесе қазақ күресін...
– Әділбекқайтыс болыпты ғой. Алла тағала иман байлығын берсін. Қазақ күресіне де,самбоға да көп еңбек сіңірді. Жасаған қызметі, төгілген тері жайында айтылуыкерек. Қармақшы күресі қалай болады енді?
– Ел іші ғой, аға. Бір мәнісі болар. Әділбек Серікбаевсекілді саңлағынан айырылу ол өңірге де оңай соғып жатқан жоқ. Әдекеңніңшәкірттері ұстаз ісін жалғастыруы тиіс. Қазақ күресін естіп жүрген шығарсыз?
– Атынөзгертем дейсіңдер ме, затын бұзам дейсіңдер ме? Талай әңгіме айтылып жүр екенғой. Дзюдоның табанының астына салып бермеңдер, әйтеуір. Бұл – бабаңның күресі.Асыл мұраң. Талай күшенгендер болған. Бұзғысы келіп, жарғысы келіп. Не болдысоңы? Ойлайсыңдар ма? Қазір материал жинақтап отырмын. Тағы да пысықтап,үстінен қарадым. Кезінде Елемес Әлімханұлы да мойындаған, оның еңбегі ерен,негізі. Бір ретке келтіріп еді. Тағы да талауға түскен секілді ғой. Қазақ тақоймайды, ә?
– Сонда не ұнамайды? Қай жерден жаңылып отыр?
– Олтелефонмен сөзге сыя салатын жүрдім-бардым шаруа емес. Арнайы келуің керек.Көзбе-көз сөйлесуіміз керек. Дерек деуші ме едің, керегін тауып отырмыз.
– «Атауында нелерің бар?» деп ұрса ма десем, «Қайсыңныңтабағыңа түсті» дегенді қосып...
– Ұрсукерек болса, ол да жарасатын шығар. Алпыс жыл тәжірибем бар. Шынымды айтайынба, ақылым енді толысқан секілді. Өзімді де, айналамды да енді тани бастадым.Қазақ кемеліне келу үшін қанша өмір сүру керек, сонда? Алпыстағы Абай атам даталай нәрсені түсінбедім деп бас шайқап кетті емес пе? Алпысты қазақтың тал түсдейтіні тегін емес ау, сірә.
– Сіз...
– Жасымдыалға тартайын деп пе едің? Жан дүнием, түсінігім әлі жас, өз денемді еркінсеземін. Қан қысымын жүгіріп болсын реттей аламын. Өзімді әлі де бақылаймындегенім ғой. Қимыл-қозғалысымды, шама-шарқымды. Сеніңкіремей тұрсың ба?
– Жоқ, аға! Сіз қашанда бабыңыздасыз ғой.
– Күрестуралы сұраймын дедің бе?
– Негізі, жалпы денешынықтыруға қатысты ма, баланы шымыржасаудың жолы ма...
– Телефондашешілетін шаруа емес қой, андағың. Сербия бардым. Серең-серең жігіттердікөрдім, бала біткеннің бойы биік. Денелері шидей болғанмен. Жөнін сұрасаң кімайтады? Өзім зерттедім. Бұлар шетінен баскетбол ойнайды екен. Ол бір спорттыңғажап түрі. Бүкіл бұлшық етің іске қосылады. Аяғың да шыңдалады. Білегіңе де күштүседі. Иыққа да пайдалы. Үнемі қозғалыстасың. Тынысыңды ашады. Қазақ балаларынбаскетболға баулу керек. Сербияда баскетбол алаңдары қаптап тұр. Сосын, біздегісекілді бір стандарт, қалыпта емес. Балалардың жас мөлшеріне байланыстықойылған. Тіпті төрт жағынан келіп ойнай береді. Бір жағында бүлдіршіндері.Екінші тұстан ересектері. Үлкендер де сол жерде. Бірінен-бірі көреді. Бірінен-біріүйренеді. Міне, шынығу мектебі. Көп қаражат та кетпейді. Бағыттау деген бар. Дағдығаенгізіп жіберсе. Қазақ балалары талантты. Өздері де алып кетеді. Тек бағыттапжіберу керек.
– Бұрын көше бойынан турникке тартылған бала көруші едік,үлкені қарап, кішісі шөгелдігін сынататын...
– Олзаман кейінде қалды ғой. Баскетбол дегенде, бұл өзі тереңіне тартып алатынспорт түрі. Америкаң, өзге дамыған елдерің де көше баскетболын дамытып жіберді.Үш-үштен жиналып команда шығарып, жарысқа қатыса береді екен. Ынталандыру дегенде бар. Қолында билігі немесе қаржысы бар азаматтар осы жағын реттеп берсе,кейін өздері күш алып кетеді. Айттым ғой, жаңа. Баскетбол – денедегі бүкілбұлшық етке жұмыс істейтін спорт түрі. Кейін балуан болғысы келетіні күресіне,рингке шығатыны боксына бара береді. Спорт әліппесін тану үшін баскетболтаптырмайтын құрал.
– Балуандар жаттығу арасында көп ойнаушы еді ғой.
– Әліде ойнайды. Олармен сынға түсу үшін төзім мен шыдам және алапат қара күш керек.Асылбек не дейді?
– Қай Асылбек?
– Асылбекше? Ақтөбедегі. Құлмағамбетов.
– Ә, Асекеңмен біраздан бері хабарласпадым.
– Амандасқаннанкейін Шахаров дедің бе? Асхат Шахаровтың ар жағында Асылбек тұрады ғой. Бапкеріемес пе?
– Е-е, әлгі Қармақшыдағы жарыс ше?
– ТәйімбетКөмекбаев турнирі ме?
– Иә.
– Біздіңде дәуреніміз жүріп тұрған кез болды ғой. Батыр мемориалынан қалмайтынбыз.Ұйымдастыру жұмысына жегіліп, жарысын өткізуге атсалысып дегендей. Кейін тіптідеңгейі көтеріліп кетті. Алдында екі-үш елден балуан шақырушы едік. Отызға жуықел келетін болды дей ме?
– Қармақшыны картадан іздейтін елдердің қатары артты. ӘлгіАсхат Шахаров әлем чемпионы болғаннан кейін Қармақшы кілемінде күресті. Финалғадейін бәрін оңай ұтып, алтын медальді әлде жерлесі, әлде досымен сарапқа салатынболды. Сіз – бас төреші, есіңізде ме?
– Иә,айта берсеңші. Соны сұрайын деп пе едің?
– Жоқ, Асхат күреспей қойды.
– Финалдама?
– Финал болғанда, кілемге шақырылды. Белдесу басталды. Екібалуан да сылбыр. Жұрт түсінбей жатыр. Сосын, сіз микрофонды жұлып алдыңыз да,«Балуандар еш әдіс қолданбаса, ескерту беріледі және үшінші ескертуден кейінекеуі де жарыстан шығарылады. Сонымен, қос балуанға да бірінші ескерту. Тағы даайтайын, балуандарға екінші ескерту...» дедіңіз. Келесі секундта үшінші ескертуберетініңізді сезді-ау деймін, Асхат Шахаров дереу қарсыласын бұғауға алып,көтеріп кілемге тастай салды. Үлгермесе екеуін де қуып жіберетін бе едіңіз?
– Әрине,күресті мазақ қылуға, көрермендердің жүйкесіне ойнауға оларға кім құқық берді?Заң қатал болмаса, спортшылар да жайылып кетеді. Тәртіп болмаған жерден нәтижекүту әбестік. Алыстан орағытып, сұрағалы тұрған нәрсеңді біліп отырмын. «Қазақшаға»қайта салмақсың ғой?
– Негізі, аға, сәлем берейін, реті келсе әңгімелесейін деп...
– Әңгімелессеңүйге кел. Өзімнің де бір ақтарылғым келеді. Менің кісі баласына қысастығым жоқекенін білесің. Өз жөніммен келе жатқан адаммын. Өз жолым бар. Оны тастапшығуым мүмкін емес. Спорт деген үлкен ғылым. Ұқыпты, білімді қажет етеді, үнеміізденісте болуың керек. Орта жолда үзіп, басыбүтін шығып кетсең бір жөн. Ал азбіліммен алысқа ұзай алмайсың. Ескіні еске алуымыз керек. Қалай десең де, бұрынбізде жаттықтырушылар мектебі мықты болды. Қандай азаматтар еді! Соның бәріізденумен жүрді, ізденісте өмірден өтті. Жаңа айттым ғой, менің де ақылым ендітолысты. Оң мен солымды айыратын кезге жаңа жетіппін. Өмірлік тәжірибемді ендіжинап болып, білгенімді өзгелермен бөлісуім керек екен. Құдай-ау, қанша жылғыеңбек? Неше чемпион тәрбиеледік? Өзім де ұмытып қалдым. Ұмытпайсың ғой, жүректіңбір бұрышында тұр. Ол сенің өткен жолың. Өз жолыңды ұмытсаң, өзгенің іс-тәжірибесіне қалай бойлайсың? Күрестуралы сұрағың келді ғой?
– Мүмкін...
– Жиырмажылғы ережемен күресіп жүрміз. Ереже деген – күрестің заңы. Ол төрт жыл сайынжетіліп отыру керек немесе өзгеріс еніп. Анау дзюдоңыз, басқа да әлемдікспортыңыз олимпиадалық цикл деп қоямыз, төрт жылдық айналымда жетіліп отырады.Артығын кетіріп, кемшін тұсын тауып дегендей. Міне, біз өз күресіміздің мінінбіліп алып, соны түзеуге ұмтылуымыз керек. Ел ішінде қалай күрестіріп жүрміз?Менің талапшыл екенімді білесің. Жас кезіңнен көріп, өсіп келесің. Қазіркелісіп алып күресе ме, кезек жығатын бір дәстүр саналарына қоныстанып алыпты.Тексеру керек. Шынымен келісіп күресетін болса, ондай пиғылдың тамырын балталауқажет. Түсіндің бе? Іздесең үйдемін, хабарласқаныңа рақмет.
Керей Қойшыбек исі қазаққа таныс есім.Білмейтіндеріңіз болса, айыпқа бұйырмассыз. Демек, сіздің спорт әлемінентүсінігіңіз тым жұқа. Бір өзі толық академия атанған алыптың шәкірттері алғанмедальдан тау тұрғызуға болады. Спортты ғана емес, өнерді де сол саланыңмамандарынан кем түсінбейтін Керағам туралы айта бергің келеді. Жиырма сегізжыл бұрын, газетке сұхбат алуым керек еді. Келісіп, уәделескен уақытта үйініңесігін қақтық. Ашпайды. Сәл қозғап көріп едік, ішке ашылды. Төргі бөлмеден күйтөгіліп жатыр. Әлде «Сарыарқа», әлде «Сарыжайлау». Төгілгенде де, тыңдайтынқұлақтың да төзімді болуы шарт. Күйсандықтың даусын түбіне дейін шығарыпқойған. Сәлем бердік. Қалай естілсін. Ақырын басып, төрге бөлмеге өттік. Ағамкреслода қисайып жатыр. Жүрек зырқ ете қалды. Еш қимыл жоқ. Көзі жұмулы. Ендібіз састық. Бәсе, бұл тегін емес.
Даусымыздыкенеп қоямыз. Ағам қимылсыз. Ептеп қасына жақындадық. Жүрексініп тұрсақ та,білегін ұстап көрмекшіміз. Қолымыз тигенде ғана көзін ашып алды. Сұқ саусағымендиванды нұсқады. Барып отырдық. Күй аяқталғаннан кейін ғана Керағам орнынанкөтеріліп, радионы өшірді де: «Күй тыңдап отыр едім. Үнін барынша естіртіп,өзім ішіне еніп тыңдаймын. Осы қазақ қазір күй тыңдай алмайды ә? Күй деп тегінайтылды дейсің бе? Шәкірттеріме де айтамын, күйді түсінбеген адамның миы толықжұмыс істемейді. Бұл біздің мұрамыз. Мұраны ұстай алмағанның ұпайы кем. Күйтыңдап отырғанда жан-жағына қарайтындарды түсіне алмаймын. Құрманғазы еріккенненкүй шығарды ма, Тәттімбеттің тереңіне бойлай алмасаң несіне қазақсың? Спортдеген күш өнері ғана емес. Бапкер шәкіртіне осыны да түсіндіре алуы керек. Нешекүйдің атын білесің? Атын білген күйдің нешеуін сарынына қарап таба аласың?Тілші жолдас, мүмкін, күй тыңдармыз?» – деді. Қырық сылтау, елу желеу айтып,әңгіме айтуға көндірдік.
Тағы бірде Қармақшыда, сол Тәттімбетмемориалында Роза Рымбаева ән шырқады. Кеш түсіп, қас қарайғанда КамАЗсүйретпесінен сахна жасап алып тағы айтты. Керағаң қасындағы кісіні қолтықтапалатын әдеті. Сосын, сүйрей жөнеледі. Қолдары шегеленіп қала ма, сытылып шығумүмкін емес. Түн қараңғысында КамАЗ-ға қарай дедектете жөнелді. Роза да кезектіәнін бастай берді. Күн бұрын ғарышкер сапарға аттанған. Қазір Жосалыда құмборап тұр. Тоқсаныншы жылдар шамасы. Ауыл жақ әлі дами қоймаған кез.Ұйымдастырушы жақ қолқа салған соң, Рымбаева жарыстың ашылу салтанатында ғанаемес, ауыл жұртына да арнап концерт беруге келіскен. Май тоңғысыз мамыр айыболса да, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылған соң, күн қатты суып кетті. Розаныңүстінде жұп-жұқа әнші көйлегі. Жан-жағынан қаумалаған жұрт қалың киінген.Кераға екеумізде де күпәйке. Жақын барып тыңдадық. Сөйлеуге болмайды. Қолсоғуың да Керағаның шабытын үркітіп жіберуі мүмкін. Бізде дыбыс жоқ. Ол кісібылайша әңгіме айтпайды. Ән тыңдағанда үн қайда, қыбырсыз қалды. Қаққанқазықтаймыз. Сол орыннан қозғалуға рұқсат жоқ.
Роза репертуарын толық орындауға бекіндіме, жуық арада концерт аяқталмады. Аяқ тала бастағанда Рымбаева да финалдықәнге көшті-ау, шіркін. Концерт мәресіне жетті. Бірақ біз орнымыздан тапжылғанжоқпыз. Керағамда естігенін қорыту процесі басталып кетсе керек. Сүтпісірімуақыттан кейін ғана басын шайқап қойып, әңгіме бастады. «Мынау Роза неткенталантты! Талғамы биік әнші. Әннің де қиынын таңдайды. Тынысы кең, шамасы жетіптұр және арлы кісі екен. Ар дегенде, өзі таңдаған кәсібіне адалдық. Суықтыелеген жоқ, суырылып ұшқан құмыңа да қараған жоқ. Бұл енді өнердегіжанкештілік. Өзінің құнын білетін әнші ғана ел алдында тәуекелге бара алады.Осыны сендер байқайсыңдар ма? Тілші жолдас, сенің әріптестерің әншіні зерттепбарып жаза ма? Табиғатын біліп алып, сырына қанып алып қалам тартасыңдар ма?Роза бізге концерт қана қойған жоқ, сабақ оқыды, дәріс берді. Соны ұға алдыңба? Ол бізге кәсібіңе адал бол деп оқытты. Кісі көңіліне қара дегендітүсіндірді. Үш-төрт әннен кейін қол бұлғап, КамАЗ-сахнадан түсе салса кімжазғыратын еді? Өнерін тыңдауға келген жұрт көңілін қиған жоқ. Байқап тұрмын,балуандар аз тыңдаған… Солар көргенде ғой.
Ағамтуралы айта бергің келеді. Алла қаласа, ретін тауып жазатын да шығармыз. Қазақспортының шыңырауына көз тастап, шыңына белгі орнатқан Керағаның, КерейҚойшыбектің дәрісін тыңдауға біз әлі де асықпыз.
Амангелді СЕЙІТХАН