Кереку өңірінде көмір құны 10 пайызға  қымбаттады

07.11.2018, 18:37

137

Облыстық статистика департаменті мамандарының хабарлауынша, күн суытқалы қатты отынның бағасы 9,6 пайызға өскен. Қазірде облыс орталығында көмір тасымалдаумен айналысатын компанияларда бұл отынның  түр-түрі бар. Ал бір тонна көмірдің құны 8 мыңнан 17 мыңға дейін барады. Құны сапасына байланысты. Жергілікті, яғни Екібастұз қаласында өндірілетін көмір ең арзаны. Алайда, оның сапасы көңіл көншітпейді. Қарағандылық және семейлік көмірдің сапасы жоғары, бірақ 2-3 есе қымбат. Бір тонна қатты отынның нақты құнын анықтау үшін бірнеше компанияға хабарласып анықтадық.Майкүбі көмір (Баянауыл ауданы) – 12 мың теңге.Қаражыра көмір (ШҚО) – 13 мың теңге.Шұбаркөл көмір (Қарағанды облысы) – 17 мың теңге.Айта кету керек, облыстағы балабақша, білім ошақтары мен аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың қазандықтары қазір көмірге толы. Десе де, көмір қорасы әлі де бос тұрған үйлер бар.-Былтырғы қалдық көмірді жағып отырмыз. Қатты аяз болса, сапалы көмір керек әрине. Ал сапасы жақсы көмірдің бағасы да жақсы. Биыл бар жиған-тергенімізді көмірге кетіретін түріміз бар, -дейді Ақсу қаласының тұрғыны Баян БАИСОВА. Қатты отынннан бөлек, қазан айында өңірде кейбір азық-түліктің бағасы да шарықтап кеткен. Мәселен, жұмыртқа – 11,8 пайызға, қант- 3,4 пайызға, құс еті – 2,9 пайызға, шұжық пен ет өнімдері – 1,2 пайызға дәрі-дәрмек – 0,3 пайызға өскен.Статистика департаменті мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңірде көкөніс бағасы 5,8 пайызға арзандаған. Мәселен, қызылшаның құны – 18 пайызға, сәбіз -16 пайызға, сарымсақ пен картоп – 6,3 пайызға, ал орамжапырақтың бағасы – 4,7 пайызға төмендеген.Фото: sputniknews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31