Керекуде «Алтын алқа» иегері үйсіз қалды  

04.08.2018, 17:34

297

48 жастағы Ольга Некрасованың 1-ші тамыздан  2-не қараған түні орын алған өрттен енді ғана есін жия бастағанын айтады. Тәтті ұйқыда жатқан кезде тұтанған жалыннан бала-шағасы шошып қалыпты. Өрттің басталғанын көршілердің бірі аңғарған екен. Ішке есікті бұзып кірген азамат әйел мен оның балаларын айғаймен оятыпты.-Айғайдан ояндым. Өртеніп жатсыңдар деп кірген өзіміздің көрші екен. Ұйықтап жатқан балаларым дереу тұрып, көрпе жамылып сыртқа атып шықты.Бәріміз қатты шошып қалдық,-дейді Павлодарское ауылының тұрғыны Ольга НЕКРАСОВА.Анықталғандай, өрт үйге жапсарлас орналасқан жазғы ас үйден басталған. Осылайша төрт бөлмелі қамыс үй күлге айналған.Іштегі жиһаз, тұрмыстық техника түгел жарамсыз болып қалған екен.Шырт ұйқыда жатқан көп балалы ана балалары мен құжаттарын сыртқа алып шығып үлгеріпті.Ал қызыл жалынмен таңға дейін арпалысқан төтеншеліктер қазір оның нақты себебін анықтауда. Өрттен аман қалған балалар болса, көрші ағай келмегенде бәріміз жанып кетер едік дейді.-Ұйқыдан оянғанымда көрші ағайды көрдім.Сосын тағы бір кісі келді. Олар бізге далаға шығыңдар деп дауыстады.Әпкем мені көтеріп алып, шығып келе жатқанда қолын күйдіріп алды.Сыртқа шыққанымызда үйсіз қалдық деп жылады,-дейді Ольга Некрасованың қызы Мариям НЕКРАСОВА.8 баланы тәрбиелеп өсірген Ольга Некрасованың өзі «Алтын алқа» медалінің иегері. Бірақ, отағасымен ажырасып кетіпті. Ересек ұл-қыздары облыс орталығында өз күндерін көріп жүр. Қолындағы төрт баланың екеуі студент, тағы екеуі оқушы. Павлодарское ауылындағы шіркеуде жұмыс істейтін әйелдің табысы күнделікті ішім-жемнен аспайтын көрінеді. Сондықтан ол жомарт жандардан көмек сұраудан басқа амал таппай отыр. Әзірге туыстарын паналаған отбасыға атқамінелер қолдан келгенше көмектесеміз дейді.-Мектепке баратын балаларының өлшемдерін алдық. Ауыл тұрғындарымен бірігіп қажетті киім мен оқу құралдарымен қамтимыз. Жақын арада мемлекет тарапынан 70 мың теңге көлемінде өтемақы төленуі тиіс.Бүлінген мүлікті сыртқа шығарып тастауға қажетті техниканы да береміз,-дейді Павлодарское ауылының әкімі Аждар ЖҮСІПОВ.Бұған қоса, әкімдіктегілер күлге айналған үйдің орнына судай жаңасын салу үшін жергілікті кәсіпкерлерден біраз құрылыс материалдарын алып береміз деп уәде етті. Ал көп балалы ана көпшіліктің көмегінсіз далада қалам ба деп алаңдайды.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28