Керекуліктер ауыз суға жарып отыр ма?

08.10.2018, 10:01

158

Атқамінерлердің мәліметінше, биылғы жылы үлкенді-кішілі 17 елді-мекен ауыз сумен қамтылуы тиіс. Осы орайда бүгінде бес бірдей ауыл таза сумен жабдықталыпты.-Бес елді-мекенге таза су тартылып, қолданысқа берілген. Алдағы уақытта өзге 12 ауылда да осындай жұмыстар аяқталуға жақын. Атап айтсақ, Павлодар ауылдық аймағындағы Ленинский пруд испаритель ауылында, Ақсу ауылдық аймағындағы Айнакөл, Сынтас ауылдары және Екібастұз аудынандағы алты бірдей ауылды, сондай-ақ Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл аудандарындаға бірнеше кентті ауыз сумен қамту көзделген, — дейді Павлодар  облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан СӘТИЕВ. Осылай деген атқамінерлер, қалған он екі кентті жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін өңірде 37 жылжымалы сорғыш станциясында құрылыс жұмыстарының жүргізілгенін айта кетейік. Тағы 20-ында осындай шаралар келесі жылы да атқарылмақшы. Ал жұмысы басталып, аяқталмай қалған 6 нысанға облыс әкімдігі бюджеттен қосымша 1,7 млрд теңге сұратыпты.  Бұл сома мына төменде көрсетілген елді-мекендерді ауыз сумен қамту үшін қажет екен: — Умпенка ауданы, Равнополь ауылы – 41 140 мың теңге; — Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылы – 335 533 мың теңге; — Шербақты ауданы, Александровка ауылы – 589 304 мың теңге; — Успенка ауданы, Қоңырөзек ауылы – 526 857 мың теңге; — Тереңкөл ауданы, Жанабет ауылы – 207 509 мың теңге; — Павлодар ауданы, Новоямышево ауылы – 206 748 мың теңге. Айта кетерлігі, қазынадан қаржы бөлініп, осы істер ойдағыдай іске асса, биыл орталықтандырылған сумен жабдықталған ауылдық аймақтардың деңгейі 29,6 %-ға артуы тиіс. Фото:zhasalash.kz  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31