Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:54, 02 Сәуір 2020

Кеш

Алматы шаһары. Қоңыр күз. Қума жел қуалай соғыптұр. Маңайдағы тал-теректерден сарала жапырақтар үзіліп түсіп жатыр.

Біржапырақ ұшып келіп Қалиханның пальтосының жағасына қонды. Басын сәл иіп, көзқиығын салды. Әбден күреңітіп, қурап кеткен: «Мынау менің тағдырыма ұқсайдыекен!» деді іштей күбірлеп. Сөйтті де еппен қолына алып, алақанына салып, әбденүйкелеп ысқылады. Жапырақ лезде-ақ үгітіліп қалды. Мұрнына шаң-тозаңның иісікеліп, түшкіріп жіберді. Қолын еркінен тыс оқыс көтеріп қалды, ұсақталған ұнтақтаржелге ұшты да кетті.

Қос алақанына алмакезек қарады. Екеуінде де қарақошқыліз қалыпты. Оң алақанынан иір-қиыр қайшыласқан жолдарды, сол алақанынан теміртордың бейнесін көргендей болды. Шетін ойдың шеті жылт етті: «Адамның ой-санасындане тұрса, көз алдына да сол елестей бере ме, не пәле?!»

Аспанда ала бұлттар жөңкіле көшіп барады.  Дала тұнжыраңқы, төңіректі еңсені езердейкөңілсіздік басқан. Әрнені бір ойлап, мазасы қашқан Қалиханның бұл маңды торуылдапжүргеніне бүгін үшінші күн. Бақ ішіндегі сыры кете бастаған ұзынша орындықққакеліп отырды. Қайта-қайта жан-жағына жалтақтап қарап қояды. Тағат таба аларемес, орнынан қайтадан атып тұрып, әрлі-берлі жүре бастады. Жүрегі қобалжулы, көңілікүпті. «Танымай қалса… жо-жоқ, танымауы мүмкін емес! Қалай қабылдайды екен?!..Не десем екен? Бәрін бірден лақ еткізіп айтып салуға болмайтын шығар?! Алдыментамырын басып көрейін! Егер жылы қабақ танытса, ойымдағымның бәрін айтыпсалармын! Кеудемнен итеріп, тасырлық таныта қоймас!.. Бірақ, енді кім біледі?!Ұзақ уақыт өтіп кетті ғой! Дегенмен, сүйген жарым ғой! Арамызда ешқандайтүсініспеушілік, кикілжің де болған жоқ. Тек, сол бір қателігім...»  

Қалтасынан темекі алып тұтатты. Қолдары дір-діретіп, саусақтары өздігінен қозғала берді: «Жүйке тозған… Кәрілік те келді…Көңіл де орнында емес...»

Кенет, жатаған үйлерді қақ бөліп жатқан таркөшенің бойындағы аялдама жақтан бері қарай беттеген әйелді көріп, көз айырмайқадала қалды. Үстіне қызыл пальто киіп, басына көк орамал тартқан. Қолында қызылсөмкесі бар.

Тұла бойы шымырлап, жүрегі дүрсілдеп қоя берді. Екісаусағының арасына қыстырған түтіндеген темекісін лақтыра салды да, аяғыменмыжғылап тастады. Көңілі алдамапты, жақындай бергенде осыдан тұп-тура қырық жылбұрын аңдаусызда айырылып қалған жан жарын жазбай таныды.

– Сәуле!.. – Оқыс тіл қатты.

Қаннен қаперсіз аяғын асыға басыпкеле жатқан әйел шошына селк ете түсті. Бойын тіктеп, «Сен кімсің?» дегендей,тесіле қарады. Бас-аяғын көзімен шолып өтті.

– Сәуле, мен ғой! Мен… – дедіҚалихан дауысы дірілдеп.

– Қалихан… – Таңырқай қарағанәйелдің дауысы жарықшақтанып шықты. – Құдай-ау, қайдан жүрсің?

– Сарала қаздай сарыла іздептаптым ғой!

– Алматыға көшіп келді деп естіпем…

– Иә, жеттім-ау, ақыры!..

 Жүзіне тура қарады, ішіп-жеп барады. Әйелименшіктеп жанарын тайдырып әкетті.

 Ымырт үйіріліп, төңіректі қараңғылық тұмшалапкеледі. Қалихан тағы темекі тұтатты. Рахаттана сорып, түтінін будақтата сыртқашығарды.

–    Қайдан келесің?

–   Жұмыстан.

–   Зейнетке шықпадыңба, не?

–    Шыққам. Бірақ әліістеп жүрмін.

–               -  Мықтысың! – Басыншайқады, – Қайда?

–    Ұлттықкітапхананың сирек қолжазбалар қорында. Бұрынғы басылымдар мен кітаптардыңбасым көпшілігі араб алфавитімен шыққан ғой. Соны қазір ғалымдар болмаса, бұлжақтағылар оқи алмайды.

–  Қытайда әлі сол төтежазу ғой!

–   Иә, келе салыпсонда орналасқам. Басшылық «сіздей маман жоқ» деп әлі жібермей жүр. Жастар келмейді.Айлық аз, оның үстіне уақытылы берілмейді. Әйтеуір, бір жақсысы, қазақы орта. Әйтпесе,мұнда орысша білмесең нан тауып жей алмайсың!

–    Менің де біртаңқалғаным, қазақтардың өзі орысша сөйлейді екен! – деді Қалихан таңданысынжасыра алмай. – Өз ана тілің бола тұра, өзге тілде сөйлеуден асқан сорақылықжоқ шығар, сірә! 

— Соны айтсаңшы! Кеңескезеңінде орыстардың дәурені жүрді ғой, қазақша сөйлесек жақтырмай, келекелеп,мазақ қылатын.  Орыс тілінде сөйлеугемәжбүр болдық, соларға жағдай жасадық. Мысалы, Алматыда қызмет істегеніме тураотыз бес жыл болды. Әлі үй алғаным жоқ. Ал орыстардың бір бастарында екі-үштенпәтері бар. Қазақтар өзі елінде өгейлік көріп жүр.

–    «Алматы – қазақтыңастанасы, орыстың – баспанасы, ұйғырдың – асханасы» дегенді естуші едік солжақта жатып. Сол сөз шындық болды ғой!

–  Иә, жалғандығы жоқ!Қазақтың тағдыры Мәскеуде шешіліп жатты ғой! Еркіндікке қолымыз жеткен соң ғанабағымыз жана бастады. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, тарихымыздағыақтаңдақтар ашылып жатыр. Сол бір алмағайып жылдары қуғын-сүргінге ұшырып,жазықсыздан-жазықсыз атылып кеткен арыстарымыздың еңбектері жалғанның жарығынақайта шығып, газет-журналдардағы мақалаларына дейін іздестіріліп, жариялана бастады.Ал ескі кітаптар мен басылымдардың қомақты қоры бізде сақталған. Қазіржұмысымыз көбейді.

– Қазақ елінің рухани түлеуіне өзүлесіңді қосып жатыр екенсің ғой.

–      Сол жерден аз ба,көп пе, әйтеуір айлық алып жүрген соң, барымызды саламыз да… Шетте жүріп, көпнәрсені көріп, көңілге түйгеннен кейін бе, өз еліңнің қадір-қасиетінбасқалардан көбірек біледі екенсің!

–     Біздің өзіміз осыкүнді ұзақ күттік қой!

– Бар қазақтың арман-аңсары ментілеуі осы еді ғой! – Әйелдің еті енді үйрене бастағандай, еркінси сөйледі. –Қашан келдің?

– Ертең тұп-тура алты ай болады.

– Алты ай?..

– Иә, алты ай!.. – «Осы уақытқадейін хабарласпай қайда жүрсің?» деп өкпе артып тұрма деген оймен, – Келе салыпхабарласқым келген. Бірақ… – деді күмілжіп, – Кеше дәл осы уақытта осы жерде бірақсақалды қолтықтап бара жатыр едің.

«Оны қайдан біліп қойдың?»дегендей, Сәуле Қалиханға таңдана қарады. Қалихан үнсіз қалудың ретін таппай,шынын айтты:

–   Кеше де осы арадансені тосқан ем…

– Аааа… Шалым ғой… – Жүзінмұң торлады, – Жақсылықты білесің ғой! Есіңде ме, Шәуешекте бірге оқып едік қой.

–   Әрине, есімде…Мәдениет төңкерісі кезінде бірге «ұлтшыл» атанып, Тарым лагерінде екі-үш жылбірге болдық. Сол бір қиын күндер туралы жақсы роман жазды. Бізді де кейіпкеретіп алыпты. Кейіннен толық ақталды. Бірақ сол бір аумалы-төкпелі кезеңдегішеккен азап пен тартқан мехнатты, көрген қорлық-зорлықты немен өтейсің?! Сондада мойымай, Үрімжіге қайтып оралып, күні кешеге дейін баспасөз саласындажемісті еңбек етті.

–  Тәуелсіздік алғансоң алғашқылардың бірі болып атажұртқа ат басын тіреп еді ғой, кеше жүрегісоғуын тоқтатыпты. Көңіл айтып шықтық.

– Иманды болсын! – Қос алақаныменбетін сипады, – Рухы пейіштің төрінде шалқысын!

 – Е, аз күндік жалған дүние ғой! Өткенде біркезіккенімде «Балаларды атамекенге жеткіздім. Басты арманым орындалды, енді өлеберуге болады!» деп әзілдеп еді, жарықтық.

– Ертерек кетті демесең,Жақсылықта арман жоқ қой!  Арман жоқ…Сүйгенімен бірге тұрды, қол ұстасып бірге жүрді!.. Бірге жасасты… Балалары дабауырында болды. Тарымда жүрген жылдары болмаса, отбасынан бір елі ажырағанжоқ. Біз ғой мына тақа сорлаған! Екеуміз екі жақта қырық жыл бөлек тұрдық.Қырық жыл… Тұтас бір ғұмыр ғой!..

– Жылдар жылжып білінбей өтешығыпты-ау!..

— Маған керсіншеуақыт тоқтап қалғандай көрінетін. Қырық жылғы өмірім сағынышпен, аңсауменөтті!.. Қырық жылғы уақытым ойлаумен, ойланумен өтті!.. Қырық жыл жан азабынтарттым! Қырық жыл армандадым! Қырық жыл зарыға күттім!

– Нені?

– Сені бір көруді… Сенімен біркездесуді… Туғандарын көріп, қызықтарын қызықтай алмаған балаларымныңмаңдайларынан бір иіскеуді… қырық жыл аңсадым!..

Кеудесін кере ауыр күрсінді.Темекі тұтатып жатып, әйелге көз қиығын қадады. Самайын ақ қырау шалып, сұлужүзін әжім торлаған. Бірақ, қараған сайын бірте-бірте жасарып, көз алдына қызкүніндегі көрікті келбеті елестей берді...   

– Сен әлі сол қыз күніңдейсің!..

– Қойшы, қайдағы!.. – Әйел зорланаезу тартты, – Шайтан емеспіз ғой! Қайран, жастық, өтті де кетті…

– Иә, ақжүрек аңғал шағым, ғұмырбойғы өкініш сыйлады. Иә, ол кезде албырт жас едік! Екеуміздің алғаштанысқанымыз есіңде ме?

– Оны қалай ұмытайын?!..

– Көктем еді ғой құлпырған!..Жасыл жайлау… Өзеннің жағасы, жасыл желек… Алғаш көргенім… Сен сондайсұлу едің! Қылықты едің! Бір көргеннен ғашық болып қалып ем!..

– Мен де сені ұнатып ем, жан-тәнімменсүйіп ем. Амал қанша, тірідей айырыламыз деп ойлаппын ба?!.. Әке-шешеме ілесіпекі баламен Шәуешектен бері өттік… – Ауыр күрсінді. – Сен Үрімжіде қалабердің!.. – Үнінен өкпе-реніштің лебі еседі.

– Иә… оқуымды бітіріп,дипломымды алып, арттарыңнан іле-шала жетемін ғой деп ем! Бес жыл оқып, дипломала алмай кетсем, өкініште қаламын-ау деп ойлағам. Шекараның бір-ақ күнде тарсжабылып қалатынын қайдан білейін?! – Кеудесін кере ауыр күрсінді.

– Оны кім біліпті?!..

– Айтсам, сенбейтін дешығарсың!.. Атажұртқа өтуге талай талпыныс жасадым!.. Еш сәті түспеді. Оқуға дакелмекші болдым. Мәскеу университетіне сырттай құжат тапсырып, барлықсынақтардан сүрінбей өтіп, орыс тілін үйрену курсында оқып, әне-міне жолтүседі-ау деп қуанып жүргенде «Кеңес өкіметінде туысқандарың бар екен» дегенсылтаумен тағы жібермей қойды. Келсем, қалып қоятыным анық еді. Соны сезіпқойды ма, кім білсін! Қытайдың шыбын да өте алмайтын шекарасынан қашып таөтпекші болдым, бірақ қапыда қолға түсіп, абақтының дәмін татудай-ақ таттым.Несін айтасың, көрмегенім жоқ.

– «Келіп қалар!» деген үкіліүмітпен елеңдеп көп күттім… – Әйел арғы жағын айта алмай аз-маз кідірістепқалды да, сөзінің соңын екіұштылау қылып, – қос құлыным үшін… – дедікүмілжіп.

– Білем! Бәрін де білем! Арманыммен Сағынышымның… – Қалиханның көзіне жас іркіліп, иегі кемсеңдеді, –қал-жағдайы қалай?

– Ел қатарлы тіршілік етіп, ғұмыркешіп жатыр.

–   Біле білсең, ментек сендер деп өмір сүрдім. Сендерді ғана ойладым… Ал сен менің әрқашанжанымда болдың. Қайғырсам, бірге қайғырдың, жыласам, бірге жыладың, мұңдансам,бірге мұңдандың. Сен соны білесің бе?..

– Қуансаң да бірге қуандым ғой!..– деді Сәуле жадырап.

– Жоқ!..

– Неге? – Әйелдің түсі бұзылыпкетті.

– Мен қуанған емеспін! Қуанаалмадым. Шын қуанған кезім болған жоқ!

– Қалай?

– Сүйіп қосылған сүйіктіжарыңнан, бір тамшы қаныңнан жаралған сүйкімді балаларыңнан тірідей айырылсаң,қуаныштың не екенін ұмытып  қаладыекенсің!.. Сен оны білмеген… сезбеген… сезінбеген шығарсың!.. Өйткені меніңорнымды жоқтатпаған… жоғымды білдірмеген Арманым мен Сағынышым болды ғойқасыңда.

– Алданышым да, жұбанышым дасолар болғаны рас.

– Ал мені алдандыратын да,жұбататын да ешкім болған жоқ!..  Өзімді-өзімғана алдандырып, жұбатып келемін!.. Сендерге қосылуды ғұмырбойы армандадым.Алладан ұзақ тіледім! Бір көретініме, әйтеуір бір кездестіретініме сенгем. Солүміт пен сенім ғана алға жетеледі. Сені бір көрудің өзі зор бақыт екенін білсеңғой!.. Мен саған әлі ғашықпын!.. – Дауысы дірілдеп, – Сезімім еш суыған емес.Қайта уақыт өткен сайын жалындап жана берді. Сенімен өткізген бес жыл ең бірбақытты сәттерім екен! Өкініштісі, сол бес жылдың қадірін де кейін білдім ғой!Сол бес жыл ғана маған қуат беріп, түнекке айналған өміріме шуақ шашып келеді.Сол сәулелі бес жыл…

– Менің де саған деген көңілімсол баяғыдай!.. Сенбейтін де, кінәлайтын да шығарсың!.. – Әйел көзіне жас алып,қыстығып сөйлей алмады.

– Кінәламаймын… – Қалихан тағытемекі тұтатты. Түтінін ішіне жұтып жатқандай, құшырлана сорады. Қолы дір-діретеді.

– Оны да жаман адам деп айтаалмаймын. Арманың мен Сағынышыңа қамқор болды, қолынан келген жақсылығын аяғанжоқ. Ең бастысы, өгейсімедік, өгейсітпеді… Бізге керегі де сол еді. Әйтпесе,мен оған сүйіп-күйгендігімнен қосылған жоқпын!.. Бірақ, сенсең, мен де сені біркөруді ғұмыр бойы армандадым. Оның жанында жатсам да, жүрегім сені іздейтін.Ғұмыр бойы саған деген сағынышым басылған емес. – Дауысы дірілдеп, көзіжасаурады, – Мен де жүрек бар, менде де сезім бар!.. Сені сағынып сарғайғансәттерімде Арманымды құшақтап мауқымды басатынмын. Аузыңнан түскендей, өзіңненаумай  қалған ғой, аумай қалған. Жүргенжүрісі, тұрысы, көзқарасы, шашының бұйралығына дейін өзіңнің жігіт кезіңді көзалдыма әкеледі. Арманымды көрем де, сені көргендей боламын!.. Сондықтан да меніңжаным соның үстінде жүретін. Ол әрдайым сені… жастық шағымды еске салады…Сен де сондай едің!.. Мінезіне дейін ұқсайды. Сен сияқты өкпелегіш!..

– Мен әлі өкпелегішпін!..

– Не өкпелеп қалдың ба?

– Жоға… қайта қуаныштан жүрегімжарылайын деп тұр. Өксумен, өкінішпен өткен өмірімді сәулелендіре түсетін деосы кездесу. Менде осындай алданыштардан басқа ештеңе қалған жоқ.

– Неге қайыра шаңырақ көтермедің?

– Еш… еш қажеті болмады. Айттымғой, талай жылым қытай абақтысында қор болып өтті… Жазықсыздан жазықсызжазалану да жанға қатты батады екен. Оның бәрін айта беріп қайтейін!..

– Мен сені баяғыда-ақ үйленіпалған шығар деп ойлап ем. Саған ғашық қыздар көп еді ғой. Есіңде ме,айналсоқтап қасыңнан шықпаушы еді, мен сені солардан өлердей қызғанушы ем…

– Жоқ, Сәулежан!.. Махаббатымаешқашан да дақ түсірген емеспін! Сол тап таза жүрегімді өзіңе қайыра ұсынғымкеледі!..

– Менің… менің тағдыр қосқанбайым бар ғой. Одан екі ұл, төрт немерем бар…

Бұл сөз Қалиханның жүрегіне оқтайқадалды. Маңдайы тасқа соғылғандай есеңгіреп тұрып қалды. Жаны жараланғанысоншалық, теріс бұрылып кетіп қалғысы келді. Бірақ, кете алмады. Қырық жылданкейін көрген ғашығын қимады: «Ана шалдан екі баласы бар екенін ешкім айтпап едіғой! Айта алмаған-ау, сірә!» Сонда да үмітін үзгісі келмей:

– Мен ше?.. Мен де Құдай қосқанқосағыңмын ғой!.. – деді дауысы дірілдеп.

– Сен… сен… Оған енді көпуақыт өтіп кетті ғой!..

– Уақытпен ештеңе өлшенбейді ғой,Сәулеш!

Қалихан тағы темекі тұтатты.

 – Не деген көп тартасың? – Әйел мүсіркейқарады.

Қалихан ештеңе естімегендей,еріндерін тістелей берді. Осы кезде алдарынан үш-төрт ит атып-атып шығып, бір-біріменжарыса жүгіріп өтті. Екеуі де тіксініп, бір-біріне үрпиісе қарады.

– Мына иттер қайдан жүр? – дедіҚалихан жүрегі әлденеден секемденіп.

        –Ана бір жерде қоқыс төгетін жәшіктер бар. Соны жағалайды…

–    Айтпақшы,ата-енеміз де дүние салыпты. Иманды болсын!

Сәуленің жүзіне мұң ұялады.

–    Иә, сіңілімЕркежан да о дүниелік болып кетті. Ал Мұратты өзің білесің, ол да Үрімжідеқалып қойып еді ғой!

–    Алғашында Мұраттыжиі көріп тұратынмын. Кейіннен хабар-ошарсыз кетті. Аман-есен шығар?

–    Иә, аман-есен.Былтыр бала-шағасын ертіп келіп кетті. Әке-шешем өле-өлгендерінше бір көрудіармандап, өмірден жылап өтті ғой. Әсіресе, шешем: «Мұратым-ау, сағыныштансарғайдым ғой,  көрер күнім болар маекен?! Қандай күйде жүр екенсің, жарығым!» деп еңірегенде сай-сүйегімізсырқырайтын. – Сәуленің иегі кемсеңдеп, қыстығып сөйлей алмады. Сөмкесінен қолорамалын алып, көзінің жасын сүртіп қойды.

–    Ата-жұртқа оралуойында жоқпа екен?

–    Жоқ, жағдайлары өтежақсы. Балаларының үй-жайы бар, бәрі де басшылық қызмет істейді. Бірақ,немерелері қытай мектебінде оқиды екен. Қазақша қақпайды.  «Ертең ұрпағың қытай болып кетеді ғой, есіңбарда еліңді тапсаңшы!» десем, «Қазақстанға келіп, балаларыма қой бақтыратынжайым жоқ» дейді. Не дейсің енді?! Адам ұзақ уақыт бөлек тұрғаннан кейінжатбауыр болып кететін сияқты ғой! Айтпақшы сенің де ата-анаң інің менқарындасыңды ертіп осы жаққа көшіп келіп еді ғой!

–     Иә, Мақаншыауылына тұрақтаған. – Кеудесін кере ауыр күрсінді, – Әке-шешем де, інім деқайтыс болған.

–    Иманды болсын! Өмір біз ойлағандай емес екен!

–   Адамның емес,Алланың жазғаны болады екен! Келе салып әке-шешемнің басына барып құраноқыттым. Інімнің бала-шағасы бар. Қарындасым Хадиша аман-есен. Балалы-шағалы.Әлі сол Мақаншыда тұрады. Соларды көріп, мауқымды басқаныммен, жанымның жарасыжазыла қойған жоқ.

Қараңқылық қоюлана түскен. Сумаңдағансуық жел Қалиханның қойны-қонышын тіміскілеп, бойын тоңазыта бастады. Бір сәтжанында қырық жыл көрмеген ғашығы келе жатқанын ұмытып кеткендей, өзімен-өзі ойқармап, үнсіз қалды. Кенет, есіне әлдене түскендей бойын тез жиып алып: 

– Сәуле,  – деді мойнын бұрып.  – айтшы!..

– Не?.. – Әйел үрпие қарады. – Нені?

Қалихан бекер сұрадым ба екендегендей, аз-кем кідіріп қалды да:

– Арманым мен Сағынышымкімнің  атында? – деді сұраулы жүзбен.

Әйел күмілжіп, төмен қарады.Өзінен-өзі қысылып, қипақтай берді. Қалихан қыстаған жоқ, айтқызбай-ақ түсінді.Кеудесін кере ауыр күрсінді.

– Оларды сондай көргім келеді.

Әйел көзіндегі жасты қолорамалымен жайлап сүртті де, үнсіз қалудың ретін таппай:

– Екеуі де бала-шағалы. – деді иегі кемсеңдеп, – Бәрі мені «апа» десе,оны… оны «ата» дейді…

Қалихан төбесінен біреу суық суқұйып жібергендей, сілейіп тұрып қалды. Одан әрі қазбалап ештеңе сұрамады,сұрағысы да келмеді. Тағы да темекі тұтатты. Сәлден соң тұнжыраған қалпы:

– Бір көруді аңсап келгенде… –деді дауысы бұзылып. Кеудесін кере ауыр күрсінді.

– Сенің алдыңда өзімдіқылмыскердей сезінемін!.. – Әйел жүрек тұсын ұстап, еңкейе берді, – Ой,жаным… жаным-ай!

– Не?.. Не боп қалды? – Қалиханшошына тіл қатты.

– Жүрек қой, бәрін сезіп-біліпжатқан!..

– Иә, жүрек құрғыр сезгіш қой! –Қалихан да алақанымен жүрек тұсын уқалай берді. – Қысып жатыр…

– Әне… анау менің үйім, – дедіәйел алдыңғы жақта жарық жанып тұрған қараша үйді нұсқап. – Алаңдап отырғаншығар! Әлі қызғанады… Сәл кешіксем, сөйлейді…

Өз ойымен әлек болып тұрғанҚалихан оның сөзіне онша мән бере қоймады.

– Сәуле… – Көзіне көзін тіктейтура қарады.

– Ау!..

– Біз кездесіп тұра аламыз ба?

– Жоқ!..

– Неге?

– Болмайды!

– Құдай-ау, неге болмайды?

–   Өзімізбен бірге жолымыз да екіге айырылған! – Әйелдіңиегі кемсең қақты. – Қайтып қиыспайтындай!

–  Шын сүйген жанғаештеңе тосқауыл бола алмайды!

– Құдай куә, сені сүйгендейешкімді сүйгенім жоқ! – Жанары мөлтілдеп жасқа толды. – Алғашқы да, соңғы дамахаббатым – өзіңсің!

Тебіреніп кеткен Қалихан бойынабар күшін жия батылданып:

– Ендеше не бөгет, қалғанөмірімізді бірге өткізейік, Сәулеш! – деп ойындағысын айтып салды. – Сен деменің мәңгілік махаббатымсың! Жырым-жырым, тілім-тілім жүрегімді алып-ұшыпжеттім ғой!

Қалихан оны құшақтай алды.

–   Сендермен қайтақауышқым, табысқым келеді!..

Қапелімде не айтарын білмейіркіліп қалған әйел аз-кем үнсіздіктен соң:

– Адамның қолында көп ештеңе жоқекен ғой. Өмірдің өз заңы, әр пенденің маңдайға жазылған өз тағдыр-талайы бар.– деп күрсіне сөзін жалғастырды, – Ар мен иманды шырақ етіп ұстап келе жатқанқазақ әйелімін. Тойғайдай тозып жүргенімде паналаған шаңырағымның шырқын бұзғымкелмейді. Онсыз да өмір мені аяған жоқ!.. Сынаудай-ақ сынады. –  Қыстығып, жанарынан жас сорғалады. – Әлікүнге дейін көзімнің жасы тиылмай келеді.

–  Көз жасыңды құрғатып… – Қалихан ернінтістелей берді. – Жұбатуға келдім!

– Енді жыламасын десең, мені ұмыт!

– Сені қалай ұмытайын, Сәулеш-ау!..Балаларды ше?.. – Қалиханның дауысы құмыға шықты. – Арманым мен Сағынышымды біркөрсем…

– Өз қаныңнан жаралған балаларыңғой! Тиым сала алмаймын. Бірақ мені араластырма. Шалым да білмей-ақ қойсын!

– Білсе не болыпты, өзіңайтқандай, өз балаларым емеспе?! – Қитыға қалды.

–  Жарайды, қалауыңбілсін! Не көрмеген бас дейсің?!.. – Сағатына қарады, – Ойбу, тоғыз болыпқалыпты ғой! Қой, мен кетейін. Екі көзі төрт болып отырған шығар! Аман бол!

– Бүйткен амандығы құрысын!.. –Қалиханның дауысы қатқылдау шықты.

– Ренжімеші!.. – Әйел Қалихандықұшақтап, басын кеудесіне тақап, қолымен арқасынан сипалады. – Ренжісең, мағанекі есе қиын!

Қалиханның қабағы түсіп кетті.Ләм-мим деп тіл қатпады.

Сәуле мұң тұнған жанарыменмөлтеңдей бір қарады да, үн-түнсіз бұрыла берді. Қыстығып, булығып бара жатқансекілді. Қалихан оған жәутеңдей қарап, сөлмірейіп тұрып қалды. Кеудесіне шоқтүскендей күйіп-жанып барады. Жүрегі қан жылап тұр. Барынан айырылып қалғанынжанымен сезініп, еңк-еңк етіп егіле жылады. Қимайтын, айырылғысы келмейтінсияқты.

Әйел артына қайырылып қарамастан,аяғын асыға басып үйіне кіріп кетті: «Ең жаманы, үміттің өлгені  екен ғой!» – деді іштей күбірлеп.

 Ғашығы қайта айналып келетіндей, үй жаққателміріп ұзақ қарады. Терезеден арлы-берлі жүрген адамның сұлбасы көлбеңдейді. Соғанқарай жақындап, мойнын соза түседі. Сөйтіп тұрғанда үйдің жарығы да сөнді. Дүниеніқараңғылық басты. Қалиханның үміті біржола үзілгендей болды. Басы айналып, көзіқарауыта бастады. Маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Сонда да қайтқысы келмей,үй жаққа жалтақтап қарай берді.

Бір уақытта бұлай тұра берудің ешпайдасы жоғын түсініп, амалсыздан қайтуға бет алып, бұрыла бергені сол еді,талдардың арасынан екі-үш қара мысық атып-атып шығып, жолын кес-кестеп өтті.Шошына селк ете түсті, жон арқасы шымырлап қоя берді: «Жол… жол сенікі…бақыт… бақыт па… бақыт… мее… жо… жоқ… сее… жо… жоқ...»

Не айтып, не қойғанын өзі де білмей, теңселіптұрып қалды. Жүрегі қатты қысып, шаншып-шаншып өтті. Басы айналды. Қол-аяғыдірілдеп, өз денесіне ие бола алмай, етпеттей құлап түсті. Жансыздана бастаған әлсізқолдарымен қара жерді ақырын сипалай берді: «Туған жердің топырағы-ай! –Көзінен бір тамшы жас үзіліп түсті, – Іздеген бақытым осы шығар, бәлкім?!»

Осы сөзді іштей тағы бір қайталады да, бойынан жаншығып кеткендей, қимыл-қозғалыссыз сұлық қалды.

Қараңғылық қоюлана түскен. Төңіректі тұмантұмшалап келеді. Қара аспан да қыстығып тұрса керек, селдетіп қоя берді.

Көзі түзу Көктің де ет жүрегі елжіреп, ағыл-тегілжылап тұр. 

Думан РАМАЗАН

Тегтер: