Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:49, 11 Наурыз 2021

Кешіріңіздер бізді

None
None

Құрметті әйелдер қауымы, әже-апа, әпке-қарындастарым!

«Ештен  кеш  жақсы»  дегендей, сіздерді   кеше  ғана тойлаған 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

     Сіздер ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ АҚЫЛДЫ, ЕҢ СЕНІМДІ, ЕҢ БАТЫЛ, ЕҢ АДАЛ ЖАНДАРЫМСЫЗДАР! АТА-БАБАМЫЗ сіздер үшін осы КЕҢ-БАЙТАҚ ДАЛАМЫЗДЫ, іші БАЙЛЫҚҚА ТОЛЫ ТУҒАН ӨЛКЕМІЗДІ қасықтай қанымен қорғап, келешекте сіздер әкелетін ұрпақ үшін деп қалдырып кетті.

      КЕШІРІҢІЗДЕР БІЗДІ – еркектерді – БИЛІКТЕГІ ЕЛ БАСШЫЛАРЫН:

  • Кешіріңіздер бізді, егер біз БАР БАЙЛЫҒЫМЫЗДЫ шетелдіктерге (келімсектерге) САТЫП ЖАТСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз ТУҒАН ӨЛКЕМІЗДІ БӨЛШЕКТЕП, АУКЦИОНҒА АПАРЫП САТСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫ қорғай алмай,  ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ (қытайларға) ҰЗАТЫП ЖАТСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз ҚАЗБА БАЙЛЫҒЫМЫЗДЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛЫП ЖАТСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз СІЗДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК СҰРАТЫП, 42 500 теңге үшін КӨРІНГЕНГЕ ТЕЛМІРТІП ҚОЙСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз СІЗДЕРДІ КӨЗДЕРІҢІЗДІ ЖӘУДІРЕТІП СПЕЦНАЗ КЕТТЛИНГ-ҚЫСПАҒЫНДА 8-9 САҒАТ АС-СУСЫЗ ТҰРҒЫЗЫП ҚОЙСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз НАМЫССЫЗ, БОС КЕУДЕ, ҚОРҚАҚ БОЛСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз СІЗДЕРГЕ БЕРГЕН (жалған) УӘДЕМІЗДІ ОРЫНДАЙ АЛМАСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз ЖІГІТТІК СӨЗІМІЗДЕ ТҰРА АЛМАСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз МАҚТАНШАҚ, АТАҚҚҰМАР, АҚШАҚҰМАР болып, КРЕСЛО ҮШІН СІЗДЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІҢІЗДІ САТЫП ЖАТСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз ЭКСПО, ЛРТ, САЯСИ ПАРТИЯ, ЖЫЛЫ АЯЛДАМА, ТАС ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ТУАЛЕТ ҮШІН СІЗДЕРДІҢ МИЛЛИАРДТАҒАН ТЕҢГЕ НӘПАҚАЛАРЫҢЫЗДЫ ЖЕЛГЕ ШАШЫП ЖАТСАҚ;
  • Кешіріңіздер бізді, егер біз СІЗДЕРДІ АҚЫСЫЗ ПӘТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ОРНЫНА ОЛ АҚШАНЫ ШЕТЕЛДІК СПОРТСМЕНДЕРГЕ, КЕҢЕСШІЛЕРГЕ (Тони Блэр), дүниежүзілік ДІН БАСШЫЛАРЫНА, ӨТІРІК ИНВЕСТОРЛАРҒА ЖЕГІЗІП ОТЫРСАҚ.

Біздің сіздердің алдарыңызда 30 жылда істеген ҚАТЕЛІКТЕРІМІЗ ӨТЕ КӨП, ал бізге, менің ойымша, кешірім жоқ сияқты. Сонда да ӨМІР ЖАЛҒАСУДА, сіздер бізді ПЕРЗЕНТПЕН, бізге деген КІРШІКСІЗ ТАЗА МАХАББАТТАРЫҢЫЗБЕН ҚУАНЫШҚА, КҮН ШУАҒЫНА БӨЛЕЙСІЗДЕР! Сондықтан СІЗДЕРГЕ ЖАНҰЯЛЫҚ БАҚЫТ, ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ, ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ БЕРЕКЕ, ӨМІРЛЕРІҢІЗГЕ МЕРЕКЕ ТІЛЕЙМІН!

АМАНДЫҚТА, БАРЛЫҚ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ ЕШ МҰҢАЙМАЙТЫН, ӘЛЕУМЕТТІК АУЫРТПАШЫЛЫҚТАН АДА – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА кездесуге бізге Алла жазсын!

Тегтер: