Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:25, 14 Шілде 2020

Кетбұға мен Кетбұқа – рухы да, тәні де бөлек екі адам

 «Қазақ әдебиетінің» №6санында (7.02.2020) «Кетбұға ма, әлде Кет-Бұқа ма?» деген ізденісті мақалашыққан екен.

Ғасырлар бойы сақталған аңызда ұлы күйші Кетбұғаның Шыңғыс ханғаүлкен ұлы Жошының қазасын күймен («Ақсақ құлан») естірткені туралы түбіндешындық жатқан әпсана бізге жеткен. Мұндай күй шығару үшін мына жер бетіндетырбанып жатқан адамзат ұрпағынан бөлек, тылсыммен хабарласқандай ұлылық қажет.Ұлы өнер пәктікті, мынау әлемге сүйсіне білуді, адамзат баласынан уысы толы қанемес, жүрегі толған мейірім мен қайырымды талап етеді. Кетбұға күйші сондайөнердің иесі. «Ақсақ құлан» күйі соны айтып, жеткізіп, жүрекке құйып тұр.Шыңғыс хан хижраның 624 жылы дүниеден өткен. Күйші Кетбұға одан бір жыл кейін(1150-1225 ж.), осы күнгі жыл санауымен 1225 жылы өлген делінеді.

      Кетбұқа… Оның сойы тіптібасқа. Бұл мәселені жазу үшін деректерге сүйену керек. Әйтпесе көк мылжыңныңөзі болып шыға келеміз. Кетбұқа туралы деректерді тек Рашид ад-диннің 1300-1316жылдары жазған «Жамих ат-тауарих» атты бес томдық кітабынын таба аламыз. БұлШыңғыс хан дүниеден өткеннен кейінгі дәуірде іле жазылған ұлы еңбек. КітапШыңғыс ұрпағы Ғазан ханға, соның әмірі бойынша жазылған соң (мұғылдарды),әсірелеу бары да шындық.

     Осыжерде Қайрат Раев інім ептеген қателіктер жіберіп алған екен. «Кетбұға Шыңғыс ханның,Жошының, Құлағудың кеңесшісі болған» депті. Дерек қайда? Дерексіз әңгіме,өзімізді асыра дәріптеу не береді? Қисынсыздыққа жол бермегеніміз жөн шығар.Рас, Кетбұқа Құлағу әскерінің бір түменін басқарған қолбасшы. Кетбұға «он алтыжыл Дамаск, Сирия, Египет, Бағдат т.б патшалық құрған» деген сөз де дерексізәрі қисынсыз. Оның дәлелін айта жатармыз.

     Шыңғыс ханның қайтыс болуынабайланысты Құлағу тақ мұрагерін сайлау үшін Моңғолияға аттанды делінген екен.Иә, Шыңғыс хан қайтыс болғанда Құлағу небәрі тоғыз жастағы бала еді. Мұндайқателікті жазбаған да жөн.

    Иә, осы жерде Кетбұқаны азғынҚұтұз бен Бейбарыс мерт етіпті. Құтұз, Бейбарыстар мұсылман елін қорғаған. АлҚұлағу хан христиан   дінін үгіттеп, «барлық иелігінде шіркеулертұрғызды» деп жазады Рашид ад-дин (IV том, 18-бет). Кетбұқа – Құлағудың оңқолы. Құлағу сол заманда шығыс жұртын құл етпек болған крестшілермен де одақтасболған. Сонда Бейбарысты «азғын» деп жамандаудың не қисыны бар?! Тіпті Алтын Ордаханы Құлағудың ағасы Берке хан «сен мұсылман қалаларын тегіс қираттың, жұртынжоқ еттің, өрістеп тұрған шығыстың өркениетін, мәдениетін талқан еттің» деп,Құлағуға қарсы шығады ғой.

   Рашид ад-дин жеңіске жеткен Құтұзқамыс арасына тығылған Кетбұқаны қолға түсіріп, басын алып, әскери ордасынталқандап, әйелдерін, балаларын, туысқандарын тұтқын еткенін жазады (IVтом78-79 беттер). Бұл хижраның 659 жылы болған оқиға.

      Рашидад-диннің осы кітабында Сасыбұқа, Темірбұқа, Тулабұқа, Бұқа Темір, Жолбұқа,Ырықбұқа, Есенбұқа аталған т.б. «мұғұлдың» қол басы, көрнекті адамдарының есіміберіледі. Соның ішінде Кетбұқаны «мұғұлдың» сунит руына жатқызса, бірде  найман руынан деп жазылған. Осы аталған Кетбұқаесімді адам бір жылда, бір соғыста Құтұздың қолынан өлген. Мүмкін, ру атауларынантәржімеде қате кеткен болар, ол арасы белгісіз.

       Менің көзім жеткен жағдай – Кетбұға менКетбұқаның екі бөлек адам екені. Кетбұға – абыз ақсақал, даланың жыршы-күйшісі,басын бәйгеге тігіп, Шыңғыс хан алдына бара алған, ұлы күйімен оның қатыгезжанын иілте алатынына сенген тұлға. Сол кезде Кетбұға ұлғайған жаста болса,Кетбұқа одан кейін, хижраның 638 жылы, яғни 15 жылдан кейін өледі. Кетбұғакүйшінің ғасырға жуық жасап, соғысып жүріп өлді дегені қисынсыз әңгіме. Бұлөлген – Кетбұқа. Әрі Кетбұқаны Рашид ад-дин «Жынданған арыстандай… Айдаһарсияқты» деп суреттесе (IV том, 76-бет), Мансуриада «18 күн қырғын жасады» (IV том,34-бет), ол бастаған Құлағу қолының «бесіктегі баланы» да қырғанын жазады. Кетбұқаныңосы айтылған рақымсыз түсі өнер иесі Кетбұғаға келе ме? Екеуін есі дұрыс адамтеңестіре алмас еді. Біздің осы заманымыздың күйшілері Секен Тұрысбек пен ЖанғалиЖүзбай мылтық ұстап, қырғын салмақ түгіл, тауық бауыздай алар ма екен?! Өйткеніолар өнер деген қасиетті тылсымның адамдары.

         Иә,моңғол әскерін басқарған Құлағу шығысы Үнді жері, батысы Испан еліндегімұсылман Кардоба халифатына дейінгі аралықта шығыс өркениетінің аса биікүлгісін жасаған Бағдат халифатын қиратты. Батыс елдерінің түсіне де кірмегенәсем қалалардан күл-қоқыс ғана қалды. Мәдениет ошақтары өртелді, ғалымдарқұлдыққа айдалды. Жұрт қырғынға ұшырады. Шығыс өркениеті тапталып, бас көтереалмас халге түсті. Бұл жағдай шығыстан үлгі алған батыс жұртының ілгерілеп, озашығып кетуіне әкеп соқты. Шығыс батыстан осылайша артта қала берді. Құлағудыңосыншама бүлік жасауына Алтын Орда ханы Берке де қарсы болған.

         Бір ғана күйімен ғасырлардыңар жағындағы даланың кербез сағынышты үнін бізге жеткізген Кетбұға күйшігеқандықол қарақшы Кетбұқаны қосақтап, ұлы өнер иесінің бейнесіне күйе жақпасақекен.

 

Кәмел ЖҮНІСТЕГІ,

жазушы

Тегтер: