Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:11, 16 Желтоқсан 2023

Кей қазақ қандай бақтың қонғанын сезбей қалған күн

Буыны қатпаған жас өскін қазақ екенін, тәуелсіз екенін айтып, тақылдап өлең оқиды. 16 желтоқсан – қастерлі күн екен. Қаламы қатпаған, жазуы қалыпқа түсіп үлгермеген жас бісміллә деп қолына қалам алып, толғап кеткенде ең алдымен 16 желтоқсанды айналып-толғанады. 16 желтоқсан – қасиетті күн екен. Бірақ иек астында тұрған Жаңа жыл мерекесінің қызылды-жасылды оттармен көмкерілген еңселі шыршалардың жарығы көзді қарықтырып, ұлы мерекені көмескілеп тастай береді. Оған ақыл тоқтатқан ағалары түсіндіреді: 16 желтоқсан – қасіретті күн екен. Күрес күні екен...
Фото: из открытых источников

Саяси астарының өзі мың қатпар бұл күннің мойнына мың батпан салмақ артылыпты. Қазақтың жасын жұтып, тұншыға жылаған, боздағын дауыс салып жоқтай алмай, іштен тынған қаралы күні де сол. Бірі «осы рас па?» деп көзінен жас аға қуанған, бірі «бұл қалай болғаны?» деп әрі-сәрі күйде отырып, басына қандай бақтың қонғанын сезбей қалған күні де сол.

Елім деген ерлер, жұртым деген қыздар теңдік сұрап алаңға шығып, жиырмаға ілікпеген жасына қарамай басын бәйгеге тіккен күні Тәуелсіздікке бар болғаны бес жыл қалғанын болжай алды ма екен? Тәуелсіздік алғаннан кейін де боздақтар жоқталып, әділдік ізделе беретінін ойлады ма екен? Олар ол кезде тергеуге ілігіп, қуғынға ұшырайтынын, бір уақыттарда 16 желтоқсан мереке ме, қаралы күн бе деп, екі ұдай күйде, тәубелей тұрып, терең бір күрсініп алатынын білген жоқ шығар...