Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:47

Киев “жер алмастыруға” көнсе, Путин соғысты тоқтатуы мүмкін

Зеленский
Фото: БАҚ

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Украинамен “аумақтарды айырбастау” мәселесін талқылауға келіссе, бейбіт келіссөздерді бастауға дайын.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа лидерлері және украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен әңгімесінде айтқан. Ол бұл пікірін Мәскеуде Путинмен кездескен арнайы өкіл Стив Уиткоффтың сапарынан кейін білдірген. Жиынға Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александер Стубб және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте қатысқан.

Bloomberg Трамптың бұл сөзін Ресей президентінің ресми мәлімдемесі емес, оның жеке пікірі ретінде сипаттайды.

Сонымен қатар Путин Трамппен жақын арада кездесу өткізуге мүдделі екенін білдірген. Кремль басшысы мұндай кездесу үшін Біріккен Араб Әмірліктерін “толықтай қолайлы” орын деп атады. Ал Зеленскиймен кездесуге қатысты “қажетті жағдайлар қалыптасуына әлі ерте” екенін айтқан.

Путин мен Трамптың жоспарланып отырған кездесуіне қатысты басты деректер

Кремль Мәскеу мен Вашингтонның Путин мен Трамптың кездесуін жақын арада өткізуге келіскенін мәлімдеді. Үшжақты саммит өткізу жоспары талқыланбаған. Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Украина президенттерінің кездесуін қақтығысты реттеудің соңғы қадамы деп атаған еді.

Путиннің айтуынша, Ресей «бөтеннің ештеңесін алмайды, бірақ өзінікін бермейді». Ол Киевті 2022 жылғы ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстарындағы референдум нәтижелерін мойындауға шақырды. Бұл өңірлер сол жылы Ресейге қосылған. Путиннің пікірінше, осы нәтижелерді елемеу «қарулы қақтығыстың қайта жалғасу мүмкіндігін» білдіреді.

Украина билігі жоғалған аумақтар бойынша ымыра іздеуге дайын екенін, бірақ жердің бір бөлігін жоғалтуды ешқашан мойындамайтынын бірнеше рет мәлімдеген.