Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:53

Киевте ФСБ агенті ұсталды

Фсб
Фото: БАҚ

Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюроның (НАБУ) қызметкерін ұстады. 

Оған бұрынғы президент Виктор Януковичтің бұрынғы оққағарымен байланысы бар деп айып тағылды. Алайда НАБУ бұл айыптаулармен келіспейді. G7 елдері жағдайға алаңдаушылық білдірді.

21 шілдеде СБУ Telegram-арнасында Киевте НАБУ-дың Екінші арнайы детективтер басқармасының қызметкері ұсталғанын хабарлады. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол Ресейдің ФСБ-сымен жұмыс істеген және оның әрекетін бұрынғы президент Виктор Януковичтің қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Дмитрий Иванцов үйлестірген. СБУ мәліметінше, 2014 жылы Иванцов Януковичтің Ресейге қашуына көмектесіп, кейін өзі Қырымда қалып, оккупациялық құрылымдарға қосылып, ФСБ-ға жұмыс істей бастаған.

Ұсталған азаматқа 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. СБУ кемінде 60 эпизодты құжаттаған, онда күдікті Иванцовқа шектеулі қолжетімділікке ие ақпараттарды беріп отырған. Ол ФСБ үшін украиналық күш құрылымдары мен қарапайым азаматтар туралы деректер жинап, террористік актілер мен ақпараттық операциялар жасауға көмектескені айтылады. Бұл үшін ішкі дерекқорлар мен құқық қорғау органдарының базаларын пайдаланған.

СБУ ақпарат тарату уақыты туралы нақты мәлімет берген жоқ. Қазір оған мемлекетке опасыздық жасау және компьютерлік ақпаратпен заңсыз жұмыс істеу баптары бойынша айып тағылып отыр.

НАБУ бұл оқиғаға байланысты өз нұсқасын жариялады. Олар 2023 жылдың тамызында СБУ тарапынан белгілі бір қызметкерге қатысты қауіп бар деген ақпарат алғанын растайды. Алайда 2024 жылдың тамызында СБУ бұл қызметкердің Януковичтің күзетшісі ісінде қатысы анықталмағанын, оның мемлекеттік сатқындыққа қатысы дәлелденбегенін айтқан.

НАБУ СБУ-дан дәлелдер ұсынуды сұрағанымен, ешқандай құжат алмағандарын мәлімдеді.

G7 елдерінің елшілері аталған оқиғаға байланысты Украина үкіметімен кездесіп, алаңдаушылықтарын білдірген. Олардың айтуынша, НАБУ қызметкерлеріне қатысты тергеулер мен іздестіру шараларын жіті бақылауда ұстап отыр.

СБУ мен Бас прокуратура және Мемлекеттік тергеу бюросы (ГБР) бірлесіп НАБУ мен Арнайы антикоррупциялық прокуратурада жаппай тінту жұмыстарын жүргізген. Осы іс-шаралар барысында НАБУ аймақтық басқармаларының бірінің жетекшісі Руслан Магамедрасулов ұсталды. Оған Ресейде заңсыз бизнес жүргізген деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар, НАБУ-дың тағы үш қызметкері ЖКО-ға қатысы бар деп күдікке ілінген.

Бұған қоса, жақында ФСБ-мен жұмыс істеді деген күдікпен Жоғарғы Рада депутаты Федор Христенко ұсталған. Ол бұған дейін Украинада тыйым салынған «Оппозициялық платформа – Өмір үшін» (ОПЗЖ) партиясының мүшесі болған. Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғанда, Христенко елден кеткен.

Тегтер: