Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:50, 27 Мамыр 2025

«Киіктерді мылтықпен шығып, қырып тастау керек»: Мәжіліс депутатының мәлімдемесі

Казанцев
Фото: zhasalash.kz

Мәжіліс депутаты сайғақтарды соғыстағыдай атуға шақырды. 

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев киік популяциясын шектен тыс көбейді деп сынап, оларды жою үшін төтенше және агрессивті шаралар қолдануды ұсынды. Сайғақтар санын қысқарту мәселесін соғыс жағдайымен салыстырған Мәжіліс депутаты Павел Казанцев былай деді:

«Соғыста қалай болса, мұнда да солай әрекет ету керек. Бұл тіпті соғыс емес – шайқас! Оған бірден кірісуіміз қажет! Әр ауыл мылтықпен шығып, қырып тастау керек», - деді ол.

Казанцевтің айтуынша, жануарларды жою бойынша арнайы «бас штаб» құрып, олардың етін ет комбинаттарына өткізу керек. Қажет болса, заңдарға да өзгеріс енгізуді ұсынды.

Депутат жеке адамдарға атуға рұқсат беріп, етін халыққа тегін таратуды да ұсынды. Ол сондай-ақ сайғақ популяциясын сақтау жөніндегі ғылыми дәлелдерді сынға алып: «Біз — тек анықтамалардың артына тығылып жүрген маңыраған қойлармыз. Ал бізде — төтенше жағдай!», - деді.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайғақтарды Қазақстан үшін қасиетті жануарлар деп атап өткен еді.

Тегтер: