Кілең тарландар, жұлдызы жанғандар
28 маусым Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күні
Алдымен тақырып қойып алып, мақаланысодан кейін жазатын әдетіміз бар еді.
Бұл жолы ат беріп, айдар тағуды соңынаіріктік. Онымыз оң болды. Алғашқы үлгідегі атауы «Жарытып сыйлық алмағандар,жұлдызы жанбағандар» еді. Мақала жазып болған соң, бұл тақырыптың мүлдеқисынсыз екеніне көз жеткіздік. Журналистер күні жақындағанда елеңдепқалатынымыз анық. Ептеп құрмет көрсек дейміз бе, сыйлық дәметеміз бе, әлдеәріптестердің марапатына қол соғуға ыңғайланамыз ба, бір күтудің бары рас.Маусым айының соңына қарай осы бір саланы өзімізше зерттеген болып та қаламыз.Кім не айтып жүр, кім не жазды? Бұл енді ескі әдет. Әлі тозбаған, біз берікұстап келе жатқан дәстүр. Тілшінің жазығы не деп те жүдейміз кейде. Теперіштікөп көреді. Сынасаң сыйлайтындар азаяды, тізесін батыратындар табылады, мансабыбарлар сес көрсетеді. Журналист ештеңеге қарайламастан, арқалаған «алтынын»ақпарат айдынына жеткізіп, өзі «тигеніне» тәуба айтады. Тигені дегенде, өзімұстаз санайтын әрі ақылшы ағам Қайнар Олжайдың экспромтпен айтып қалған бірмақалы естен кетпейді. Өзі ұмытып та қалған болар. Криминалды түсініктен ада,жай, реті келгенде айта салғаны. «Сасқалақтаған құрбым-ау, Собкорр боп кетембір күні», – деген жеке шығармашылықтағы уақытша әнді ыңылдап айтып кележатқанбыз.
–Тілші тигенін жейді, Собкорр сүйгенін жейді, әнің де, ниетің де жақсы екен, –деді қазақ көсемсөзінің королі.
– Әдемі болған шапаны, еңбегі собкоррсапалы? – деп тоқтадық сұраулы жүзбен.
Ол кездегі «Хабарда» қалжыңқағытпатілшілік тіршілікпен қатар өрбиді. Мысалы, Тілеуқабыл Мыңжасар ағамныңәзілдері. Кісі күлмесе, іші пысатын Тілекеңнің бір сапардан қайтып кележатқандағы ісі мифтік әңгімелерге де негіз болар еді. Алматы облысындағыменшікті тілші болмай тұрғанда, қаламен іргелес орналасқан ауданның бірінеіссапармен барған ғой. Күні бойы жұмыс. Алматыға түн ортасына таман шықсакерек. Оператор ұйқыға бас қояды. Шопыр да қалғып-шұлғып келе жатады. Бір-екішұңқырды байқамай да қалса керек. Тілекеңдер жүргізуші орындығына тұмсығымен тірележаздайды. Тығырықтан шығар жолды лезде тауып кетіпті. Шопырдың желке тұсындаотырған ғой. Артқы терезені еппен түсіріп, сол қолын сыртқа шығарып, иіп әкеліпсұқ саусағымен жүргізушінің терезесін қаққан ғой. Көзі кілегейленіп келе жатқаншопыр терезе жаққа үрейлене қарайды. Иен дала, тас қараңғы. Тоқтап тұрса, бірсәрі. Жүйткіп келе жатқан көлікке ере алатын, еріп қана қоймай, терезе қағаалатын қандай тылсым иесі? Көздегі ұйқы ылымжылым, бойын жинап, жалма-жан тілінкәлимаға келтіріп, Алматыға жеткенше иманын үйіріп отырыпты.
Мұндай оқиғаның мыңын келтіруге болады.Немесе тапқырлық танытатын тұстары аз емес. Бірде кезекті түсірілімнен қайтқанБибігүл Жексенбай компьютерін қосып қойып, сыртқа көз тастап, мәтін жазуғакіріспекші болған. Сол тұсқа сөйлей жеткен Әлімжан Сабыржанұлын ағасы Қайнартоқтатып, «Әй, тыныш, Бибігүл шабыт шақырып отыр», – деген ғой.
–Шабыт шақырудың не керегі бар? – дейді өзі бап талғамайтын тарлан Әлекем.
–Бап талғамасаң, бір ауыз өлең шығаршы, Бибігүлді қосып…
Қайнеке-ау, оның не қиыны бар: Аспанда бұлтайналып, Сәлден соң құйды нұр. Ал жерде ойланып, отырды Бибігүл.
Қайнекең ғана емес, бәріміз де тапқыр ағаныңэкспромтына қол соқтық. Жә, жазайық дегеніміз мүлде басқа дүние еді ғой. Нетүрткі болғанын айта кетейік.
Сабақ береміз деп, сабақ алып қайттық
Ғалия Ибраева журфакта декан болыптұрғанда альма-матерде сабақ берудің сәті келді. Жарықтық Темірбек Қожакеевтіңжақсы шәкірті атансақ та, даңқты ғалымның жетекшілігімен диплом жұмысын қорғап,ұстаз кафедрада қалдырғысы келгенде ауылға кетіп қалып, мұғалім болудан сыртқалып едік. Жасық емеспіз. Жасқандық. Жүрек дауаламады. Темірбек Қожакеевқайда, одан кейінгі білімді ұстаздардың да ширегіне жетпейміз ғой. Не айтамыз?Не білеміз деп барамыз? Арада жиырма жыл өткенде және бір ғалым, Ғалия апайшақырды. Әрине, бас тарттық. Келесі жолы қаттырақ өтінді. Үшінші рет бұйрықрайға көшті. Сол кезде ғана аудитория есігін имене болсын ашуға тиіс екеніміздісезіндік. Сезіндік те, Сәбеңді еске алдық. Кәдімгі Сәбит Мұқановты. Бірде СәбитМұқанов дастархан басында филфак деканына айтқан көрінеді.
– Естиміз анау сабақ береді екен, мынаудәріс оқиды екен. Біз ше, біз неге лекция оқымауымыз керек?
– Сәбе-ау, – дейді шыр-пыр болған декан,– Сәбе-ау, сіздің осы сөзіңізді қашаннан күтіп жүрміз ғой. Шынымен лекцияоқысаңыз, біз үшін үлкен мәртебе болар еді. Шәкірттер де қуанып қалатын еді.
–Олай болса, келістік. Беретін сабағымды ыңғайлайын, келетін уақытымды өзіңхабарла. Көп ұзамай Сәбит Мұқановтың дәрісі басталып, филфак мәресәре күйкешеді. Жазушының айташылық қыры да ерекше ғой, бірінен-бірі өтетін бірнешелекциясы ауыздан-ауызға тарап, елді еліктіріп қойса керек. Алайда апта өткенсоң, әлгі сабақ пышақ кескендей үзіледі. Үзілетіні – Сәбең үйінде жатып алады.Сабаққа келмейді. Кафедра меңгерушісі қысыла қысыла жазушығахабарласып, лекцияның үзіліп қалғанын айтады. Сөйтсе Сәбең: «Ау, шырағым,айтатын сөзімді үш-төрт лекцияға сыйғыздым. Ендігі сөздің не мәні боладыдейсің», – деп жайбарақат жауап беріпті. Сәбеңше шәкірттерді ауызға қаратаалмаспыз. Алайда Мұқановшадайындық көрдік. Өзімізге сабақ берген ұстаздардыеске алдық. Солардың зерделі сөздерін еске түсірдік. Кешегі, бүгінгіжурналистикаға шолу жасап, бірнеше күн дайындық көрдік. Сосын, журфакқа келдік.Келдік те, шәкірттерді көрдік. Күн өтті. Апта өтті. Бекітілген жоспарымыз,жүйелі оқу кестеміз бар. Кетіп қалуға мүмкіндік аз еді. Шәкірттер де біздіңкезіміздей елгезек емес. Тіпті қызығушылықтары кем, барлығы дерлік селқоскөрінді. Бірде қазақ журналистерінің с а ң л а қ т а р ы ж а й ы н д а ә ң г і м е қозғап, бүгінгі жүйріктер жайындаайтуға оқталдық. Оқталдық та, өздеріне сұрақ қойсақ деп шештік. «Қазақжурналистикасының қазіргі мықтылары кімдер? Олар жайлы не білесіздер?» Жауапбіз күткеннен сорақы шықты. Жалғыз кісінің есімі аталды. Оның өзі өзге ұлтөкілі. Біріншісі есім-сойын түстеп еді. Екінші экраннан екі рет көргенін, екіретінде де ерекше әсер қалдырғанын, қазіргі қазақ баспасөзіне сол қалқа боладыдегенді айтты. Қалқан екенін де келтіріп, қалғандары әлгі білгірді қостады.Состиып біз қалдық. Тіліміз таңдайға жабысқан еді. Маңдайдан шып-шып тер шықты.Жоқ, әлгі жүргізушіден атақ-даңқты қызғанғанымыз емес. Онсыз да оққағарменжүретін дәрежеде. Сыйсияпат соның үстінде. Өзі мәтін де жазбайды деп естиміз.Бірнеше редактор ұстайтын көрінеді. Қаламына кие қонғандардан. Оны да қоялық.Тағы бірер күн бұрын жыраулар мектебі жайында айтудың реті келіп еді.Қызылордадан келген студентке «Сендерде Шораяқтың Омарының мектебі бар ғой,иә», – деп, қостайды-ау деген үмітпен бұрылып едік. «Ағай, мен сізге анық айтааламын. Қызылордада ондай мектеп жоқ», – деп бұртиып, бізді қып-қызыл қылған.Мынаның жанында әлгі олқылық жіп есе алмайтын еді. Шәкірттерімнің қалақшасы қарбұзбайтынын түсіндім. Түсіндік те, ашуға басқымыз келді. Алайда сабыр біріншіжетті. Сабырға шақырған – Зейнолла Қабдолов. Анығында, бір кезде өзімізге сабақберген ұстаздың кітабы. Сол саңлақ еске түсті. Аяулы Зәкең, үлкен ғалым,ғажайып ұстаз Зейнолла Қабдолов! Академиктің «Сөз өнерін» оқыдыңыз ба? Қалайбасталушы еді… Әдебиетке анықтама таппай қиналған екеу ше? Ұстаз бен шәкірт.Әлгі тығырықтан шығатын жолды ғалым-жазушы көріп тұрыпты. Көп ұзамай әдебиеттеориясына келдік. Енді емтиханға келген шәкірт әдебиетке анықтама беріп қанақоймай, оның жанрларын талдап беретін деңгейге жетті. Демек, біз әлгішәкірттерге өкпелей алмайды екенбіз. БАҚ саласында жүргендердің басы пісетіншығар, бір қазанда қайнауы мүмкін. Бірақ бір-бірінің қадіріне жете бермейтінсекілді. Бірін-бірі мойындамасын, бір ауыз жылы сөзін жолдаса жарасар еді ғой.Сақа тілшіні жас журналист ұстаз санап қана қоймай, соның парасаты мен пайымыжайында айтса ше? Айып па? Анда-санда Бауыржан Омаров әріптестері жайында қаламтербейді. Қандай жылы! Баукең сол естеліктерімен де биіктеп барады. «Әлемдішарлаған Әлімжанын» оқыдыңыз ба? Ғаламтор заманы ғой. Тауып аларсыз. СолӘл-ағам әлі бабында. «Тәуелсіздік – тәтті ұғым» деген сөзі әлі тәтті. Еңбегібағаланды, бағаланбады. Қазақ журналистикасы осындай озат тілшісімен деталайлардан озық. Әттең, соны түсінетін кісі болса…
Жөнінестіп, жүзін көргендеріміз
Біз, негізінен, спорт журналистикасындажүрдік. Сол жақтың ауасымен тыныстадық. Спортты жазатын адамның басқа тілшігеұқсамайтын қасиеті бар. Өмірдің өзін жарыс деп қабылдаймыз. Озатыны болады, көшсоңында қалып қоятыны кездеседі. Орта тұстан ауытқымайтыны бар дегендей. Қазірсол комментаторлық көзбен қазақ журналистикасына көз тастап отырмыз. Чемпионыңкім дейміз өзімізге. Шоқтығы биік жандар аз ба? Мыңның тұлпары да болуызаңдылық қой. Шен беріп, шекпен үлестірмейміз. Дем беріп, арқадан қағуға дашамамыз келмейді. Тек сол спорт журналистикасы бойға сіңірген қызығушылықтөрінен дүрбі салып отырмыз. Дүрбіге алғаш іліккені – жөнін естіп, жүзінкөргендеріміз. Журналист болуды біздің біздің тұстастар бала кезден армандады. Қаламұстағандар «Қазақстан пионеріне» хат жазады. Мақала жолдайды. Ол жақта кемімықтының бар екенін түйсігімізбен сезетінбіз. Алпағаң мен Жолдасбек ағалар.Алпысбай Шымырбайдай фанатты әлі де сирек көреміз. Өз ісіне әбден берілген кісіекен. Екен дейтініміз, бұрын жазғанын оқысақ, кейін көзбен көрдік. Студентатанғанда арнайы барып, сәлем бердік. Алпамсадай деп жүрген ағамыздың аласағана бойы бар екен. Біз үшін бірақ заңғар тұлға. Солай қабылдадық. Солайесімізде сақталды. Көрмесек те, есім-сойына қанық болған екінші сойқан тілшіміз– Жолдасбек Дуанабай. Жөкеңнің жөңкіліп жатқан ақпараттың ішінен керегін ұстапалатыны, әп-сәтте оны мақалаға айналдыра салатын ептілігі әлі де бізге үлгі.Адам қиялы бойламайтын тақырыпты тауып алып, соны зерттеп отырғанда некүлеріңді, не жыларыңды білмей қаласың. Ойлауға болатын, алайда көпшіліккеайтуға сәл қысылатын мәселелер де бар. Бірде айтады, күнделікті төгілгенніңкөлемін өлшейтін құрал кездессе, қанша литр екенін есептеуге мүмкіндік аларедік те. Айтып қана қойған жоқ, жазды да. Ағамның шығармайтыны жоқ-ау деп қанапікір білдірдік. Бала тілшіге дана тілші көрінген екеудің, шынында да, шоқтығыбиік. Екеуінің де мемлекет тарапынан бағалануы кем болған шығар. Бірақ балалармен жасөспірімдер көзқарасында Алпысбай аға мен Жолдасбектен асатын тілші жоқ.
Журфактың бірінші курсына келгенде екіүздік студенттің аты жөнінбіліп келгенбіз. Жатақхана мен аудиторияда солар жайлы таңданысқа толы анонсбықып тұратын. Екеуі де біз қызыға оқыған басылымда жұмыс істейді екен. Бірі –Сейсен Ұлықбеков. Ол «Қазақстан пионері», кейін «Ұланда», екіншісі – МұхтарАнарбеков, «Пионер», қазіргі «Ақ желкенде». Спортшы өзінен мықтылардан үлгіалып, үйреніп жетіледі. Солардың әдістәсілдерін қайталап шыңдалады. Ауылданкелгендерге шамшырақ секілденген екеуінің ізденісі мен мақала жазудағы машығыбізге кезектен тыс немесе қосымша дәріс секілді еді. Сөз саптауы, жағдайдызерттеуі, жазу стилі кәдімгідей үлгі секілденген. Бізде бір түсінік бар.Шалағай түсінік деп айту керек шығар. Мемлекет тарапынан сыйлық алған,әкімқаралар мойындаған, баспасөзде кеңінен насихатталған журналистерден ғанаүлгі алуға болады. Солардың шәкірті атану мәртебе. Спортта ондай жоқ. Ауылбапкерінен үйренуің мүмкін. Соны тұлға деп танисың. Кез келген олимпиадачемпионынан сұраңызшы, кімді үлгі тұтасың деп. Тоқсан тоғыз пайызы алғашқыбапкерлерін атайды. Қазақстанның немесе әлемнің үздіктерін айтуымүмкін емес. БАҚ-та бағы жанғандарды ғана бағалау үрдісі бар. Мүмкін, оның дабір пәлсапасы бар шығар. Спортқа ежелден құмар едік. Рабат Жәнібеков пен ДиасОмаровты тыңдап өстік. Сейдахмет Бердіқұловты оқыдық. Несіп Жүнісбаев пенДүрәлі Дүйсебаевтың жазғандарын қалт жібермейтін едік. Өткенде Айымыз аспанға қа й т а ш ы қ т ы. Ж оқ ж е р д е н. Шығатыны, отыз неше жыл бұрын жазылған мақаланың жадымыздақалғанын айтып, спорт тілшісі бір тақырыппен-ақ талай мәселені аңғартып өтеді.Мысалы, «Лениншіл жаста» бір мақала жарық көрді. Авторы нақ есімізде жоқ. ӘлдеНесағаң болар, «Қайрат» емес, Қалмұрат ұтты» деген материал жарияланды. АвторАлматының «Қайраты» кезекті турда ұтылғанын сынай отырып, сол жолы матчталотерея ойнатылғанын, оны Қалмұрат атты көрерменнің ұтқанын айтады. Келесіаптада «Қайрат» та, Қалмұрат та ұтсын» деген мақала жарық көріп, Қалмұрат аттыкөрерменнің өз жеңісін әлгі материалды оқыған соң, жатырқап қалғанын жеткізгенекен. Автор газет бетінен оған басу айтып, тақырыпты солай қойған. Шеберлікқой. Айға келсек, сол айтқанымызды онлайн көріп отырған Дүрағам сылқ сылқкүледі. «Авторы біз едік қой» деп. Дүрәліні тілшінің дүрі депнеге айтпасқа! «Спортқа» келдік. Несіп аға ертіп барды. Сайын аға Тұрсыновтыкөрдік. Бойы қандай биік болса, ойы да сондай, адамгершілігі одан да жоғарыағамыз өз заманының абыз ақсақалы еді. Бір қызық жағдай болды. Газетке не түрліпысықтар келеді. Бизнес деген түсініктің қоғамға ене бастаған кезі. Сәнніңсоңғы үлгісімен киінген екі жігіт редакцияға үйірсек болып жүрді. Әңгімелерікеремет! Адамды баурайды. Егер Сан-Петерборға барып бір затты алып қайтсақ,Алматыдағы пәтердің жарты құнына жетер ақша алады екенбіз. Жанып тұрғанкезіміз. Олар да бір иірім секілді. Тереңіне тарта бастады. Түн ұйқымыз қашты.Күні бойы ойлаймыз. Билетімізді көтереді екен. Жатын жеріміз дайын. Көп күшсарқымаймыз. Ең бастысы, адалдық. Сенімді ақтауымыз керек. Әлгі сөмкеніесен-сау жеткізсек болды. Жолда ішін ақтарып, кей затын жымқырып кетугеболмайды. Келісетін едік. Келіскендей болдық. Сайын ағаға бір ауыз айттық.Қандай еркелететін аға болса да, бастығымыз. Екі-үш күн жұмыстан қаламыз. Сұранғантүріміз. Өмірі көзі күлімдеп тұратын аға көз алдымызда өзгерді. Сұп-сұр болыпкетті. Ішімізден топшыладық. Қанша жақын тартса да, табан астында табысқакенелетінімізге іші мұздай қалды-ау. Орнынан дереу көтерілді де, келесі бөлмедеотырған екеуінің қасына жетіп барды. Барды да, ақырып қалды. «Мынау – меніңбалам. Балам деген сөз саналарыңа жете ме? Бірдеңеге арандайды екен, қашанайтты демеңдер! Жер түбінен болса да тауып аламын және кеңірдектеріңді суырып,қолдарыңа беремін!» Айтты да, шығып кетті. Состиып үшеуміз қалдық. «Ағаңқызғаншақ-ау, шамасы, көп ақша тауып қояды дейді. Жарайды, сені алмаймыз».Бірінші болып ес жиғаны осылай деді. Сайын ағаға іштей өкпелеп біз қалдық.Артынан естиміз ғой. Біздің орнымызға кеткен адам сол беті ұшты-күйлі жоқ.Кеткен ізі бар. Қайтып келмеген. Әлгі екеуінің бірін кейін көрдік. Кеткен кісінеге қайтпады десек, «Дүниеге құныққанның соңы солай аяқталады», – депқарқ-қарқ күлді. Сайын аға сонда бізді ажалдан арашалап қалған екен ғой. Анаекеуінің осал кісілер еместігі белгілі. Және тоқсаныншы жылдар топалаңтолқынының тап ортасында жүргендер. Сайын ағаның ақырғанын көтере алмай, жазыметуі де мүмкін еді. Бірақ жаның жәннатта болғыр ағам бізді қорғап қалуды жөнкөрген екен. О баста журналистиканың жүйріктері туралы жазамыз деп едік қой.Жүйріктің бірі Сайын аға екенін біліп отырған шығарсыздар. «Спорт» газетіқұрылған күні жұмысқа қабылданып, сол жерден қырық жылдан кейін зейнетке кеткенағамыз салалық басылымның шырақшысы секілденген. Тіпті күзетшісі емес. Қара жұмысынабел шеше кіріскен қара нары. Алдымен мақала жазды. Кейін жауапты хатшысыатанды. Макетті ерекше бір талғаммен сызушы еді. Тілімен астыңғы ернін жаласаөзіне көңілі толып отырғаны. Жүзінен нұр тамып тұрады. Ашуланғанын бір-ақ реткөрдік. Баяғы сол бізге қатысты әңгімеде. Асығып-үсігіп Дендербай ағам жүреді.Бір жарыстан екіншісіне кетіп бара жатады. Жолай фотосын шығарып, нөміргеұсынып дегендей. «Ақын бала, қыздарға жақындама», – деп, бізге бір жымың етеқалады. «Сайын ағаң Тұрсынов, Отыр ма әлі күрсініп», – дейді содан кейін.Жауапты хатшы қай кезде күрсінуші еді? Материалды кеш ұсынсаң. «Макетін газеттұсаған, не істеп отыр Жүс-ағаң?» – дейді сосын. Ол енді көзілдірігін киіпалып, қос сұқ саусақты ғана іске қосып, мәшіңке басып отырған Жүсіп Хисымовкөкемді қағытқаны. «Аға, жауап қайда» деймін ғой, Жүсіп ағама қарап. Бөлменібасына көтеріп бір күледі де қояды. «Айналайын, Дәкесі, сапалы сурет әкеші», –дей салсаңызшы». «Қоймайсың сен де Аманжан! Көңілің болсын адалдан. Жақсысынберем суреттің. Жаманын іздеп таба алман». Енді Дендербай ағам жауабын жұптап,жылдам шығып бара жатады. Сол Дендербай Егізовтің қадіріне қазақ жетті ме?Фототілшінің мол мұрасы қайда? Оған кім ие болды?
Қабырғасықайысса да, мінезі майыспаған
Әлем дегенде, дүниежүзінің спорт журналистерідаңқты бапкер Жозе Мауриньоға «Ерекше» деп айдар тақты. Бұл – түпнұсқаданаударма және сөзбе-сөз аудармасы. Толық мағынасын беріп тұрған жоқ. Үздіккелақап ат беру – спорт тілшісінің тіке жұмысы. 1986 жылы әлем біріншілігіндеИгорь Беланов жарқ ете қалғанда біздің әріптестер «Зымыран» деп атай салған.Лақап ат бермесек те, біз махаббатпен қарайтын кісілер көп отандықжурналистикада. Соның бірі – Мейірхан Ақдәулетұлы. Ырғыздан шыққан жұлдызды«Пионер» журналында еңбек еткен кезінен білеміз. Зор құрметпен қарайтын кезімізәлгі Ақтбеде «Алтын Орданы» құрған әрі шығарған жылдары. Мауриньоның мықтылығыкез келген футболшыны ойната алады. Не сиқыры бар екенін білмедік, бұрын алаңдаөз аяғына өзі сүрініп жүретіндер Жозе бапкердің ұстаханасына тап болған сәттежарқырап шыға келеді. Сол сияқты Мейірхан ағам да кез келген қыз-жігіттенкеремет тілші жасап алады. Жазғандарын көп оқимын. Өзіндік көзқарасы бар. Елбасындағы кемшілікті көре біледі. Айтып та келеді. Қабырғасы қайысады. Өзімайысып көрген жоқ. Бәрі мінезден секілді ғой. Бойдағы ірілік тұсап қала ма,уыстап ұпай алатын кезде тізгінін тарта қояды. Пенделікке ар-ұятынан қалқақояды. Әйтпесе Мейірхан ағам да қазір кемінде парламент төрінде отыратын еді.Ақдәулетұлының редакторлығы жиі айтылатын корифейлерден бір мысқал да кем емес.Тілшіні жусатып өргізуі, газетте жаңалық енгізуі талайға үлгі. Білгенге бұлағам да бір мектеп. Шіркін, шәкірт табылса. Шіркін деп, басты бүркеп, шектенішінен тіл қататынымыз қазір біреуен үйренем дейтіндердің қатары сиреп кеттіғой. Біреу дегенде, қазақы редактор тәжірибесін керегіне жаратам деушілер.«Вашингтон пост», тағысын тағыларға көбірек үңілетін болып алдық. Осы кездееске түседі. «Қазақты» шығарған Ахаң мен Жақаң. Ахмет Байтұрсынұлы мен МіржақыпДулатов. Қазақты ағартуға бел шеше кіріскендер ғой. Қаржы жетпей, газет жұмысытоқтайын дегенде, бірі кепіл болып, сұранып, қамаққа барып,екіншісі қаржы іздеп, ел жағалап кетеді екен. Не деген жанкештілік. Екі алыпағартушылықты негіз етті ғой. Мейірхан редактор да сол ағартушылыққа оң қарағансекілді. Үгіт-насихат жоқ. Үйрету, ширату, шынықтыру. Миды, ойды шынықтыру.Қазақтың өтірікжоқшысы емес. Нағыз мұрасын жинаушысы. Қазақы мәдениет пентаным-түсініктің негізін қалаушы. Мейірхан армандайтын қазақ әлемдік ғаламдасудада алғы шепте тұрар еді. Берерін сарқымаған сардардың қалың қолсыз жүруі жанғабатады. Қол жинайтын шамасы бар, қолдау жағын қайтер кенбіз, бірақ. Кеңдігікөп, кемдігі жоқ Қайнекем Намазалы Омашев ұстазымның айтатыны: «Қайнар Олжайдытас қораға қамап тастасаң да, тастай етіп мақала жазып шығады». Бұрын газеттіңжасаулы мылтығы, көрнекті көсемсөзшісі еді. Қазір әлеуметтік желінің жарықжұлдызы. Ыңқылы мен сыңқылынан келісті мақала жаза салатын ағамның телевидениесаласына еңбегі де ерекше. Ондаған жобалары жұрт көңілінен шықты. Ыңқыл менсыңқыл дегенде, соңғы жазбасын оқығанымыз. Ауырып қалған Қайнекем көрпе астынанкеремет репортаж жолдаған ғой. Ішінде бәрі бар. Қазақы емнің қаны жергетамбайтын рецепті. Тер шығарудың тың әдісі. Ерікті және еріксіз ыңқылдың анықтамалары.Ауырған адамның әдебі десек те болады. Білімі де жетеді. Түсінігі терең адамғатұмау тигеннен жазылып шыққанына дейінгі бастан кешкені де бір мақала екен-аудестік. Бірде «Хабарда» жеделсаты күтіп тұрғанбыз. Есігі ашыла берді де, тауболып кассета құлай жаздады. Құламаған екен. Кісі көтеріп келе жатыр. Бұл кімдесіп үңілдік. Тасушыны тану үшін кемі отыз кассетаны бөліп алуымыз керек.Сауап жинаймыз ба, әлде жұмыстан кешікпеу жағын ойлаймыз дегенді қорытқанша,таныс қоңыр дауыс естілді.
– Бірнешеуін бөліп ал, тезірек!
– Аға-ау, – дейміз таңғалып, – қайдасыз?
– Қайдаң не? Алсайшы, тым болмасатөрт-бес қатарын. Таудың жартысын қолымызға көшіргеннен кейін көрдік. «Хабар-2»директоры екен.
– Қарамағыңызда бірнеше қызметкер бар.Бұл не ермек?
–Ермек емес. Жұмыс күйіп барады. Мыналарды «эфиркаға» тез өткізуіміз керек.Менімен жүр.
– Аға, ассистент болып кеткеннен саусызба?
–Сұрағыңды сосын қоярсың. Кассеталарды тезірек тапсырайық.
– Бардық. Өткіздік. Таңырқап тұрмыз әлі.
–Мұны көтергенде не тұр? Рәсімдеуін айтсаңшы. Уақытын көрсетіп, ішіндегіматериалдың қалай басталатынын, немен аяқталатынын тәптіштеп жазуға көп уақытжұмсадым.
–Ел қайда?
– Қызық болды. Таңертең үш қыз жұмысқакелді. Төртіншісі телефон соғып сұранған. Оны жібердік. Үшеудің біреуі«аяқастынан туысым келе жатыр, кездесуім керек әрі кілт менде» деген соң,адамгершілікке салдық. Тағы біреуі түшкіре берді. Тұмауратып қалыпты. Оны қалайұстасың.
Сөйтсек,төртіншісі ренжиді, «Аға, мен кетуім керек. Үш күн бұрын сұранғанда рұқсатбергенсіз. Уәдеңізді жұтпайтын шығарсыз» дейді. Уәдені қалай жұтайын, төртеуінде өз еркіммен жібердім. Енді төртеуінің жұмысын бір өзім атқарып отырмын.
–Е, директордың жұмысы көбейіп тұр десеңізші.
– Інім, есіңде сақта! Бұл «Хабарда»қызмет бір ғана адамда бар. Қалғанымыз жұмысшымыз. Әрі жұмыстың үлкен, кішісі,мәртебелісі және сорлысы болмайды. Әркім өз ісінің шебері болуы тиіс. Және кезкелген жұмысқа арланбуы керек. Сонда ғана кем дегенде адами қалпыңды сақтапқаласың. Берген мансабын малдансаң, мал табатын шығарсың, бірақ пенделікпеналданасың.
Сөгістіде сөкеттік санамаған Сабыржанұлы
– Сөгіс, сені сағынып жүрмін! Солайдеген Жұматай Сабыржанұлын біз сағынамыз қазір. «Тілі усойқы екен, – дейдіауылдағы Мәсіғұт ағам, – Алла тағала адамға да осындай талант береді, ә».Баяғыда Ресейдің әйгілі әйел патшасы Александр Радищевтің «Путешествие изПетербурга в Москву» деген кітабын оқып, «мынау Пугачевтен де өткен бүлікшіғой» депті. Жұматай ағамыздың «Өкпелесің өзің білін» о қ ы ғ а н ш е н е у н і к т е р
т а л а й ғ а дейн есін жинай алмайқалатын шығар. Марапат дегенді мүлдем көрмеген, шен алып, шекпен кимегентілшінің бәрібір тартқан азабынан тапқан ләззаты басымырақ болды. Әрбір сөзіцитатаға айналды. Сөгіс алудың да өз рахаты бар. Әсіресе жазықсыз алсаң,кәдімгідей сүйсінесің. Біреулер іш жиыпты, екінші біреу қуыстанатынын сезесің.Бәсекелессің. Бәсің озып тұрғанына өлшем ғой, тіпті. Отызыншы жүлдені қолғаұстағандарды да көрдік. Сценарийға сай жымиып, сыйлық бергенді талапқа саймақтап, алғанының құнын аса ұқпай жүретіндер аз ба? Баяғыдаармияда айтатын еді, «Погоны тазаның ары таза» деп. Ол тіпті жүлде алғандардымұқату емес. Жүйрік ел ішінде танылуы тиіс. Комиссия немесе жюри, түптепкелгенде, қазылар бағасы қоғамдық көзқарасты немесе ел қолдауының өлшемі емес. Жұматайағамның жүлде алмағаны бізге жақсы. «Жүкемнен әулие емеспіз» деуге жарайды. Олкісі сый-сияпатқа қарық болып, құрмет тақтасында тұрғанда, біз де қысылатынедік. Жеріне жеткізіп, жаза алмадық деп. Елге жеткізіп айтпадық деп. Жұматайағамның диплом алардағы сөзі де ащы әжуа емес, құжаттың, қағаздың кісіліккелбетке, адами ұғымға аса бір әсері жоқ. Құжат керек болғаны үшін ғана керекдеген шұбалаңқы ұғымға ғана қызмет ететінін түсіну. Өзім сыйлайтын, аудармасаласының сардары Заманбек Әбдешов ағамның айтқаны бар еді: «Кеуде толымедальдан кеуде қыспай, еркін тыныс алып, өз аяғыңмен жүріп, өз асыңды өзіңқорытқан әлдеқайда артық», – деп. Эфирде жарқыраған, берерін сарқымағанТелевидение үшін ғана жаратылған жандармен де талай жыл бірге жұмыс істедік. Ол– Рабат Жәнібеков. Егер іздеушісі болса, ерліктің символы ретінде солұстазымның портреті қабырғаларға ілінер еді. Әттең, Сағат Әшімбаев таныған,Сағат Әшімбаев бағалаған, ең ғажабы Сағат Әшімбаев сенген сақа журналисті
б ү г і н г і қоғам бағалай алмады.Рабаттың мектебін ашып беріп, шәкірт біткенді шыңдатса, біздің қоғам ұтареді-ау. Насихаты жақсыны хан көтеріп, солардың ғана жыртысын жыртуғабейімделген біз саф алтындай жарқыраған мамандарды ұмыта саламыз. Желтоқсаноқиғасы тартылған таспаны сақтап қалғанының өзі кітапқа арқау, бірнеше мақалағажүк болатын Рабат ағамның ресми атақ-дәрежесі болмайтыны қалай? Телевидение депқалдық қой. Өмірде де кадрдан көп шыға қоймайтын телетұлға НұртілеуИманғалиұлының өзі бір институт. Тек сол ғылым ордасына ден қойған, бассұққандар шамалы ма деймін. Өзінше айтсақ, «Хабарым, базарым! Табалдырықтанаттаған тауық жылында тауып айтар тәуір жаңалықтарың көп болсын! Әр таңымызшуақты, бәріміз бай-қуатты болайық!» – деп бата бергендей етіп, сөзін қайыратынНұрекеңнің көп сөзін Жандос Айтбай жаттап алыпты. Жаңалықтар жүргізушісікезінде өзі таныстырған сюжетті көрермендерге ұсынып болып, енді келесіматериал кіріспесін оқуы тиіс кезде сәл үзіліс жасап, әлгінде ғана өткенсюжетті бір ауыз сөзбен көрерменге сіңіре кеткен ғой. «Сұмдық! Сұмдық та болсашындық. Хабарымызды жалғастырамыз», – деп. Нұрағам өмірде де өзін камераныңалдында жүргендей ұстайды. Артық қимыл, ретсіз сөз ол кісіде мүлде жоқ. Күлгенкезде де қалың көрермен алдында күліп тұрғанын сезініп күледі. Біреугебұрылғанда да оператор жаңылыспайтындай, режиссер сезетіндей ракруста бұрылады.Әлде бізге сондай әсер ете ме? Қымбат Досжан да таңғалдырумен келеді. Күнібүгінге дейін эфирге әбден дайындалып барып шығады. Кәсіпке деген адалдық па?Иегін икемге келтіріп, сөзін жұптап, тілін жаттықтырып жүргені.
– Тәжірибе ше? – дейміз сөйлескімізкелген жеңгеме, – қазір әбден пісіп алған кезіңіз ғой.
– Жауапкершілік деген бар. Өз беделімдікөбірек ойлаймын. Бізге ұстаздарымыз солай түсіндірді. Солардың жолымен жүреміз.Эфирден кеткенше сол заңға бағынамыз. Дана Нұржігіт туралы. Эфирде жанады. РозаРымбаева сахнаға шыққанда нұрланып, арқаланып кете ме? Дана да эфирде сондай.Екеуміз «Жалықтырмайтын жаңалықтарды» қатар отырып жүргіздік қой. Сол кездебайқадық. Қанат бітіріп отырады. Жаның жайланады. Шабыт келеді. АйтыстаҚатимолда ағам сондай еді. Самал ескендей күй кешетінбіз. Тізгінді осы тұстантартайық. Журналистер туралы әлі айтарымыз көп. Оны Алла қаласа келесі жылдың маусымыныңеншісіне қалдырайық. Біз атағандардың арасында жүлде алмағандар көп. Бірақ бәріде жүйрік. Жұлдызы жанғандар ғой, ендеше.
Амангелді СЕЙІТХАН