Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:12

Ким Чен Ын Ресей-Украина соғысында қаза болған сарбаздарға мемориал орнатуды мақұлдады

Ким Чен Ын
Фото: ашық дереккөз

КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресей-Украина соғысында қаза болған солдаттарға арналған мүсіндік кешеннің жұмыс барысымен танысты.

 Мемориал Пхеньяндағы Шетелдегі әскери операцияларда ерлік көрсеткендерді еске алатын мемориалды музейге орнатылатын болады.

Ким Чен Ын кешенді «мәңгілікке арналған монументалды туынды» деп бағалап, жұмысқа риза болғанын жеткізді.

Мемориалды музейді салу рәсімі 2025 жылғы 23 қазанда Пхеньянда өтті. Сол кезде Ким Чен Ын «Пхеньян әрдайым Мәскеумен бірге болады» деп мәлімдеген.

Еске салсақ, 2024 жылы КХДР Ресейге шамамен 14 мың солдатын Украинаға қарсы әскери әрекеттерге жіберген. Оңтүстік Корея барлау органдарының дерегінше, олардың 6 мыңнан астамы қаза тапқан.