Бүгін, 13:42
Ким Чен Ын жаңа заңға қол қойды: Солтүстік Кореяда орыс тілі міндеттелді
Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілін оқу 4-сыныптан бастап міндетті етілді.
Бұл туралы Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов хабарлады.
«КХДР-да орыс тілі 4-сыныптан бастап міндетті тіл ретінде енгізілгенін білеміз. Ресейде де корей тілін үйреніп жатқан оқушылар саны артып келеді», - деді Козлов.
Қазіргі таңда Ресейде 3 мыңнан астам мектеп оқушысы корей тілін үйреніп жатса, ал Солтүстік Кореяда шамамен 600 адам орыс тілін меңгеріп жатыр.
Козлов атап өткендей, орыс тілі - Солтүстік Кореяда дәстүрлі түрде ең танымал үшінші шетел тілі.